ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия


Жәй ғана сканер термині төңірегіндегі пікірталас көп жайдың бетін ашып берді.
Біріншіден — бірұдай пікірдің болуы мүмкін еместігі анық болды.
Екіншіден, бұл енді аздап парадокс: терминді жариялы түрде талқылау — бәрібір жекелеген беделді арбитрдің «Осылай болад, бітті!» деген кесіміне зәру екен!
Тәбет тамақ үстінде келетіні сияқты, талқылау технологиясын да өзгертуге тура келіп тұр. Келесі аптада, ұсыныстар мен аналитикалық ой-пікірлерді топтастыра бастамақпыз. Және тіл саласындағы кәсіби мамандардың да нобайы көрініп қалған сияқты, оларды пікірталастың плацкартынан салиқалы көзқарастардың VIP-купесіне көшіру үдерісі басталатын сияқты.
Әйтеуір ең жақсысы — терминге ресми жауаптылар сияқты, кабинеттік талқылаудың, «Сабең біздің өз ағамыз, шал айтса — дәл айтад» сықылды көңілжықпастық қатынастардың бейшаралығын көрсетті. Соларыңыз үшін рахмет! Жаңалық күтіңіздер!