«Карточный домик» (House of cards) триллерінің авторы – Майкл Доббс Қазақстанда
Бірнеше күннен соң Алматыда өтетін Еуразиялық медиа форумына спикер ретінде британдық саяси қайраткер, «Карточный домик» атты әлемге әйгілі саяси триллердің авторы – Майкл Доббс Қазақстанға арнайы келеді.
«Карточный домик» триллері және басқа да әдеби атақты шығармаларының арқасында, лорд Майкл Доббс британдық саяси роман жазушыларының арасындағы ең атақтылардың бірі болып саналады. Лорд Доббс соңғы он жылдықта белсенді саяси қайраткер және Лордтар Палатасының мүшесі.
Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер болып тұрғанда Майкл Доббс оның кеңесшісі болып қызмет атқарған. Кейіннен Доббс Ұлыбританияның Консервативтік партиясы әкімшілігін басқарып, ВВС арнасындағы баспасөзге шолу жаңалықтар бағанасын жүргізген.
Майкл Доббс Еуразиялық медиа форумның екінші күні яғни, 23 мамырда «Қоғамға сенімділік эволюциясы: жаңа заманда қоғамды қалай басқаруға болады?» атты панельдік секциясына қатысады.
Бұл секциядағы пікірталас жыл сайынғы «Сенімділік барометрі» жаһандық зерттеудің нәтижесі дәлелдеп отырған соңғы жылдардағы БАҚ-тың, Үкіметтік емес ұйымдардың, бизнестің билік институттарына деген сенімнің төмен деңгейге түсуіне арналады. «Мұндай жағдайдың орын алуының басты себебі неде және қоғамдық институттарға адамдардың сенімін қайтару мүмкін бе» деген сұрақтарға секция жұмысы аясында жауап табуға талпынады. Сондай-ақ, бұл секцияда лорд Доббстан басқа Хатия Деканоидзе — Грузия ІІМ Полиция академиясының жетекшісі (2007–2012), мемлекеттік және саяси қайраткер, Украйна Ұлттық полициясының бастығы (2015–2016) (Грузия); Эммануэль Дюпюи — Еуропадағы Даму институтының президенті (Франция); Кларк Плексико — «International Strategies Inc.» президенті (АҚШ); Мария Валовая — Г.Плеханов атындағы РЭУ профессоры (Ресей); Сауле Мектепбаева — ҚР қылмыстық соттау ісін жетілдіру бойынша ЕО жобасының жүзеге асыру жетекшісі (Қазахстан) және тағы да басқа спикерлер пікірлерімен бөліседі.
Форумның басты мақсаты – Қазақстанның, Еуразияның, сондай-ақ, барлық халықаралық қауымдастықтардың әлеуметтік–мәдени дамуындағы геосаяси, экономикалық мәселелері бойынша саясаткерлер мен журналистерге және негізгі сарапшылар үшін ашық және еркін диалог құруға мүмкіндік жасау болып табылады.
Осы уақытқа дейін, Медиа форум аясында Қазақстанға 6000-ға жуық шетелдік саясаткерлер, экономистер, саясаттанушылар, нобель сыйлығының лауреаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер келген екен.
XV Евразиялық Медиа Форумның басты әріптесі — «Самрұқ Қазына» АҚ, Әлеуметтік әріптесі — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
XV Еуразиялық Медиа форумға тіркеу 18-ші мамырға дейін eamedia.org/ru/ ресми сайтында ашық болады.
Орындар саны шектеулі.