Автокурс

ШохаКеше автокурсқа барсам, менің жүргізуге үйреніп қалған мерсухам (шохам) жоқ. Әрине, шетел маркалы көліктер көп, бірақ маған осы жалғыз, әрі ескі жигули тап болд та, (айтпақшы енді жигули де шет ел маркасына жатады ғо, как-будто осы машинаны өзіміз ойлап тапқандай) осыдан бастаған соң, аяғына дейін жақсылап көлік жүргізуді үйреніп алайын дедім, әйтеуір аяусыз. Енді оқуда өздеріңіз білетіндей/өздеріңіз білмейтіндей (кімге қалай) әйелдер қауымы көп екен. Біреуіне қарасам, жасы орта шамадағы әйел, өзінің гольфухасына мінуге бара жатқанда көңілі көтеріңкі өзінен өзі күліп бара жатыр, оған қараған мен де күлгім келіп кетті, қой құрсын (осы қазақты құртатын құрсын, бірақ бұл жерде не к месту, жарайд) салмақты болайын дедім… (татыр күлвалайыншы..) жарайд кеттік. Сонымен машинаға келетін болсақ, жигулиды митсубисиге ауыстырған екен, енді сол мицухаға сыпайы (галантный) болып мініп, сыпайы болып түсіп жүрк. Айтпақшы, бір жағынан жақсы болд, шоханың (кәк рәз) ана несі кетіп жүред… муфтасы (сцеплениясы), басқаннан кейін, кейін қарай шықпай қалатын әдеті бар, сосын аяғыңды сцеплениенің астына тығып шығарып аласын, соған шамасы үйреніп қалған жайтым бар-ау дим, енді галанттың муфтасының астына аяғымды тықпайм, бір жағынан жақсы етігім бүлінбейд, екінші жағынан да жақсы өйткені, көп салмақ түспейд, көлік барлық жағынан да жайлы. Джө шын, ана бұрынғы ескі машинамен үйреніп жүргендерге обал да, кінә өзімнен деп ойлап қалып, сенімсіздік пайда болып, «машина айдау» менікі емес деп қалулары мүмкін дә басқалардың. Әрине, проблема бастапқыда сол старттан басталады, яғни муфтаны басып тұрып, 1-ге саласын да жаймен газды басып және дәл солай жаймен бір уақытта сцеплениені жібересін. Қазір көлік айдауда біраз нәрселерді үйрендік. Енді қалғаны өзіме жеке машина сатып алу, ал әзірге ағамның ескі апелюшочка аструхочкасы (опель ғо, өз басым осы марканы аппель деп оқим, біреу орёл дид, енді әркімнің өзінің варияциясы бар) бар ед… эээ бірақ ол автомат екен ғо, өз басым автомат айдағым келмид, бірақ амал не, таңдайтын жағдайда емеспін. Ең бастысы көлік айдағанда сақ болыңыздар халайық! Сіздер көлік айдағанда тек өзіңіз үшін емес, айналадағы адамдар үшін де жауапкершіліктесіз. Әсіресе, қыздардың құлақтарына… екі құлақтарына да тынық мұхитының түбінен табылған маржан тастан жасалған үлкен сырға!
З.Ы. Қыздар, балдардың аяғына қарағанда егер аяқ-киімі лас болса, онда ол муфтасы дұрыс жасамайтын машина айдаған!
Аудионұсқасы: micknick.podfm.ru/my_podcasts/14/
Әрі қарай