Қазақтар қымсынатын тақырып

Адамдар сезімді селт еткізер «ойынды» уақытша болса да неге тоқтатпайды? Көңіл көтеру үшін бе, әлде қанағат алу үшін бе? Шын мәнінде, дәрігерлер де, психологтар да мұны «жанға жылу, бойға қуат» сыйлайтын ем» деп санайды. Екеудің есін шығаратын сәттер адамның жүйкесін жұмсартып, денсаулығын шыңдайды. Сондықтан ер азаматтар өз өмірін мәнді өткізуі үшін әрдайым бабында болуы тиіс. Сенбесеңіз, сексопотолог мамандардың мына пікіріне назар аударып көріңіз.
• Махаббат жүрекке ем
Оңаша сәттерде әйел мен ер адамның жақындасуы жүрек қағысын жеделдетеді және жақсартады. Тіпті мұны жүрекке жасалатын массаж деуге негіз де бар. Осылайша біз қан тамырлары жүйесін жаттықтырамыз. Бұл – әр еркектің күш-қуатын сақтауына, ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.
• Махаббат тән тазартады
Сексуалдық қозу ағзада эндорфиндердің (химиялық заттар) бөлінуіне ықпал етеді. Дәл осы зат адамның тұла бойын дел-сал күйге түсіріп, рақатқа бөлейді. Бұл адамның арақ ішіп, бой жеңілдекенінен анағұрлым пайдалы.