Мини-кездесуге келіңіз :)

mini-kezdesuДостар, жақында ғана іске қосылған шығармашылық жастар клубы Ғаламарт жайлы естіп білдіңіздер Бекмурдан. Кеше біздер сол өнерлі жастар клубында мини-кездесуде болып қайттық. Әзірге жаңа ғана пайда болып, осы істің басы қасында жүгіріп жүрген Бекмур мен Алмас, өз клубына, дарынды/талапты жастарды шақырады. Яғни қазірге комерциялық жоба емес, дәл қазір еріктілер(волентердерді) қажет етеді. Мини-кездесудің басты мақтасы, клубқа келіп, бей-ресми тіркеліп, қолыңыздан не келетінін және қандай жұмстар істей алатыныңызды айтсаңыз жақсы болар еді. Сізді осы клуб қызықтырар болса, жай ғана мини/кездесуге клубтын мүшелерімен танысуға мүмкіңдіңіз бар.
Әрі қарай

Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»

Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Әрі қарай