Атыраулықтарға! Оқушыларға қайырымдылық көрсетейік!

Баршаңызға, сәлем!

«ААА» деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті Рамазан айтының және алғашқы оқу жылының басында өте бір тамаша бастау жасап жатыр.

Шараның мақсаты: жағдайы төмен не мұқтаж отбасыларға қайырымдылық қолын созу және жаңа оқу жылына оқушыларды мектепке даярлау.

Мен не істей аламын? Сіз, осы аталған ұйымның мүшелері ұйымдастырған шараға бір кісідей атсалыса аласыз. Ол үшін мектепке, мектеп оқушысына қажетті оқу-құралдарын немесе өмірлік қажетті дүниелерді заттай апарсаңыз болады.

Шараның өтетін орны және мезгілі: Атырау (Ардагер) сауда орталығы, Бүгін барсақ, «Атырау» сауда орталығына қарсы орналасқан "Өнерпаз" тұрмыстық үйіне ауысып кетіпті. 28-29 тамыз, таңертеңгеңгі 11.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 20-39-32, 8 701 925 26 14

Шараға өз үлесін қосқысы келетіндерге: aaa.atyrau@gmail.com
Әрі қарай

Ашқан постыңды шұқылау арқылы(клик) басқа посттарды көлеңкелу ұят нәрсе...

Бұл жағдайды, жәй — байқағаным… Бәз бір блогшылардың талыпынысына, болмаса жұрттың талғамына деген тежеу емес.
… Дей тұрғанмен, кей жағдайда сүйікті ғаламтор бетіне Ой орамдарын іле салып, артынша көөөөп түзетумен(ремонтпен(?) айланысатын жағдайым бар. Сонда — мен 1000 рет түзетсем — 1000 оқырманым болуы(пікірді айтпаймын) маған ұнамай жүр. Дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын… :-)
Әрі қарай

«Алтын белгі» иегерлері көбейіп барады

Бұл білім сапасының артқанын көрсете ме, әлде…?



Білімді ұрпақтың мемлекеттің алтын дің¬гегі, асыл қазынасы десек, еш қателеспейміз. Бұл істе атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Дейтұрғанмен, республикадағы «Алтын белгі» алушылар санының бір жылда мың жарымнан екі жарым мыңға дейін, ал 125 балл жинаушылар алғашында бір-екі болса, кейін 30-40-қа жетуі, кейбір облыстардағы көрсеткіштердің шарықтап кетуі, оны түрлі жолдармен жалған бәсекеге айналдыруы –білім сапасының объективті көрсеткіші деп айту қиын.

Мақала толығымен.
Әрі қарай