Мұңды қыз оның ұрпағы
Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Бәріміз қыздар мұңдымыз.
Мұңды қыз – дейді домбыра,
Жетім қыз мәңгі мұңды қыз.
«Мұңды қыз» деген күй атты,
Қос әшек мұңды шығады.
Жүрекке қайғы құяды,
Намыстын отын жағады.
әшек бедеу қағады,
Қыз неге шіркін күлмейді?!
Қыз не деп мұңын шағады,
Күлуді неге білмейді?!
Мұңды қыз дейді сүйініп,
Қыз неге мұңды сүйеді?
О, күштім, кімге шүйіліп,
Кеткене қабақ түйеді.
Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Қыз жасы селдей ағылған.
Атауға оны мұңды қыз,
Тағдырға сорлы не қылған?
Кінәсіз жапа шексе ол,
Кімде екен оның обалы?
Отырып қалған ексе ме ол?
Күй бітіп кетті, о, пәлі!
Шабдарбай Хатжанұлы
Әрі қарай
Бәріміз қыздар мұңдымыз.
Мұңды қыз – дейді домбыра,
Жетім қыз мәңгі мұңды қыз.
«Мұңды қыз» деген күй атты,
Қос әшек мұңды шығады.
Жүрекке қайғы құяды,
Намыстын отын жағады.
әшек бедеу қағады,
Қыз неге шіркін күлмейді?!
Қыз не деп мұңын шағады,
Күлуді неге білмейді?!
Мұңды қыз дейді сүйініп,
Қыз неге мұңды сүйеді?
О, күштім, кімге шүйіліп,
Кеткене қабақ түйеді.
Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Қыз жасы селдей ағылған.
Атауға оны мұңды қыз,
Тағдырға сорлы не қылған?
Кінәсіз жапа шексе ол,
Кімде екен оның обалы?
Отырып қалған ексе ме ол?
Күй бітіп кетті, о, пәлі!
Шабдарбай Хатжанұлы