Әбіләкімнің постынан кейін...



Ең алдымен Әбіләкімнің бастамасы өзіме ұнағанын және осы ұсынысты айтқанына оған көөөөп рахмет айтатынымды хабардар етейін.
… Сонымен…
Мен туылғанда ауылдан апам келіпті артынып-тартынып. Жол бойы сәбиге қандай ат қою туралы кітап оқып келген ғой… Сонымен менің планетам (туған күнім, ай, күнімен сәйкестілігіне байланысты) Меркурий болғандықтан менің атымды Меркурий қоям деп келген. Сосын келген күні түсінде ата-бабасы қолына тас беріпті де Тасберген деген атқа тоқтап отырған екен… Ал студент әке-шешем құрбы-құрдастарымен кеңесіп сол кезде «модный» болған Данияр деген атқа тоқталыпты… Ал, апам көнбейді… Не істеу керек?!!.. Чек тастаймыз деп шешіпті. Қағаздың барлығына «Данияр» деген жазу жазып, апамның «Тасбергені мен Меркурийін» білдірмей алып тастапты… Сонымен туылғалы атым — Данияр. 10 шақты күннен кейін әке-шешем студент болғандықтан ауылға алып кетіпті. Сонымен апам баласымын. Ешкі сүтімен өскен қазақпын… хехе… полиция қызметкері болуға тағдыр жазбапты..
Әрі қарай

Нұрберген Мақымның туылған күніне тарту. Хармстан үзінді және Хармсша бір әңгіме

Уа ғақылия мұғжыза уәсасуа таһрір вә зухра амиго, туылған күніңе мына қойыртпақты қабыл алғайсың! Нақтың.

Алдымен, Хармстан үзінді:


Енді, өзің сүйіп оқитын Хармс стиліндегі бір үзік әңгіме.

Аффтар мен мен.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Сапар соңында Ноко аралы



Мынау — балмұздақ! @satibaldi "Қайтем, нақ!" деуі мүмкін, бірақ сіз дәмін көрмеген боларсыз, бал! Ал дайындалу жолы? — сырты кәдімгі блинымен қапталған, оны сатушы көзіңше дайындайды, ең бастысы арнайы каталогтан және витринадағы суреттерден қалағаныңды меңзесең болды, ол лезде ожауымен арнайы қамырды жалпақ пешке құйып, жұлынбаған, жыртылмаған әп-әсем блиныды дайындап шығып, дайын өнімді қолыңа ұстатады.
Әрі қарай

Ресейде күнэнергиясынан қуатталатын қуаттаушы құрылғы пайда болды... (еріксіз тавтология :-) )

08:00 | 29 апреля 2011
Ресейде Oyama сауда маркісіндегі қуаттағыштар жарық көрді. олардың арасында күннен қуатталатындарыда бар...
Әрі қарай

Күн-Айдың кешіп тағдырын...

Шарқ ұрып іздеп Күн Айды
Бұлттардан күнде сұрайды
Дамылсыз жүріс шаршатып
Қызарып кешке құлайды
Ұясында жатып ап
Таң атқанша жылайды

Ортаға алып Ақ Айды
Жұлдыздар шашын тарайды
Көрісер шақты Күнменен
Жабылып бәрі санайды
Көздері талып, жол қарап
Таң ата бәрі тарайды

Күн-Айдың кешіп тағдырын
Іздеймін сені жан — құрбым
Көрмей мүмкін кетермін
Жазылса солай тағдырым
Жұбатамын өзімді
Авторы болып Ақ-Жырдың

ПыСы:Мына жердегі өлеңді оқып есіме түсіп кетті осы өлең)))
Әрі қарай

“Менің Наурызым” байқауы!

Байқау кезеңі 22.03 – 30.03
“Менің Наурызым” атты фото байқауына ON.kz сайты барша қазақ елін қатысуға шақырады.
Барша қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлайғаны жайлы фото-пост жазып, байқауға қатысуыңызға болады.
Белсенділік танытып, ұтысқа жет!

Әрі қарай