Қатал тағдыр

1. Шерхан

Көрдім көзбен айтарым рас құба құп,
Тағдырға да пенде болар шұбар құл.
Тазалықты жуып шайып пасықтық,
Жүректегі сенімді де қылар құм.

Қара сый да, жарық сый да бір Алладан,
Қаралықты тілеп алар адамдар.
Бір тамшы сұм ойың хасіл болар-ау?
Басқа түсер ағат басқан қадамдар!

Аққу қанат сынып құжға таланған,
Алтын тұқым аспас екен шабаннан.
Бастан өтіп таттым дәмін заһардың,
Арбап-сулап кірді тікен табаннан.

Зарын ашып гүлім қурай жылаған,
Мұңлы күйдің үні баурай тыңдағам.
Тамыр кесіп көктем бүрін аттырмай,
Аллам оны сынақпенен сылаған.

Қыз да, ұл да харам іске уланған,
Жамбы жинап фәнилікке буланған.
Шәкәрімнің ізін басып жырлайын,
Шері мүңкіп шабыт туған тұманнан.

Асыл шешей үміттенген арман бар,
Оңдайды ғой ондайды да Тарлан шал.
Өркен жайса шөберелеп шөпшекті,
Көне қосын тамыр жайып жосылар.

Білім теріп кеуде қаққан ұлы бар,
Қажет! — депті, — сұлу ару, білімдар.
Дастарқанды мұштап ұрып ақырды,
Егде ана жылап болды кіріптар.

Үйлі-күйлі, шоқып терген қыз барды,
Шоқалақты сыннан өтіп шыдапты.
Машайықтан текті туған жар етсең,
Боларсың-ау қылыш тері қынапты.

Тыңдап жігіт анасынан қолқаны,
Өткір қанды, ыза туды қылқанды.
Көзі қызыл, уыт төгіп иір тіл,
Осы болды керегенің сынғаны.

Жылдар-жылдар көшкін көшіп ауыпты,
Шерхан өрбіп өсіп білім сауыпты.
Тәкәпарлық бойға дарып қайыспас,
Қызыл қағаз иемденіп даурықты.

Түйе түяқ еңбек ақы суырды,
Төрт тағандап жылан тері шұбырды.
Ойын қуып ұмыт қылды мейірді,
Өзді-өзі жанын отқа қуырды.

Жалғасы бар…
ТӨРЕХАН Арыстан
Әрі қарай

Көктемгі көңіл

Бейкүнә бәйшешек боп бүр жардық та,
Бет түзедік бақиға базыналы…
Осы аралық – пәнилік пендешілік,
Осы арада пәтуаң жазылады.

Көктем боп басталғанмен мына ғұмыр,
Қыс болып бітетіні, тағы бар-ды…
Сол қысқа жеткенше сапар бойы,
Жол бойынан талай өлік табылады.

Көктемімнің көбі кетіп, азы қалды
Ойға омалып, көңіл де сәл жабығады…
Маңдайдан кеп шертіп кетед,
Анда-санда аптап жаздың азынабы.

Аз қалды бітуіне көктемімнің,
Уақыт қой, өктем үні көктегінің…
Бұған да шүкір дедік, бір ақшамда
Бізсіз де бұл Құдайды сөкпеді кім?!
Әрі қарай

"Әнім бар"

"Әнім бар"

Сазымен жүректі тербеген,
Әуенін биікке сермеген.
Жастықтың әні бар кеудемде,
Шалқыған сезім-сыр пернеден.

Әнім бар үзіліп, талмайтын,
Сезімге сезімді жалғайтын.
Әнім бар махаббат сазында,
Еш бір жан дәл мендей салмайтын.

Қиялым көк пен жер көлбейді,
Дәуірлеп әуенім аспанға өрлейді.
Бар жалған уақытша бәрі де,
Бәрі бір ән мәңгі өлмейді.

Бақытым қайдасын, көңілім ай көрген,
Ізетті ұяң қыз іздейін қай жерден.
Әлемнің әуені жетпейді үніңе,
Даусыңнан айналдым әніме сай келген.
Әрі қарай

Керек-айтыс

Бұл күнде біздің өмір барыс-қайтыс,
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.
Әрі қарай

Арнағыштарға арнау

Керегіме жарап тұр ғой «Керегім»
Күннен күнге үлкеюде дерегің
Жұрттың бәрі өлең арнап жатыр ғой
Мен де ендеше осы жолмен желемін

Біреу арнап біреулерге өлеңін
Пайдаланды жастығының желегін
Бір қатын мен бір баламыз бар шақта
Жас қыздарға
Әрі қарай

УФЛ туралы

УФЛ деген бағдарлама бар… негізгі мақсаты сайлаушылар тізімін жасау. Менің айтайын дегенім осы бағдарлама қолданысқа енгелі нешеме жылдар өтті… осы кезге дейін пысатын түрі жоқ… негізгі жазғандар Рейтинг ИТ компаниясының орыс жігіттері. Тіпті интерфейсін қазақшаламай ақ қою керек еді — өңшең қате. Тағы бір жері ІІМ нің базасымен салыстырулар жасау кезінде өте көп қателер жіберілген (базаның өзінде)… мысалы УФЛ базасында дұп дұрыс тұрған адамды ІІМ нің базасындағы қате адаммен ауыстыруға тура келеді, неге дейсіз ғой?...өйткені сайлаушылар тізімін жасаған кезде приоритет ІІМ нің базасына беріледі екен… ал ол өзіңіз білесіз қатеге мол дүние. Осы дүниені (УФЛ) жазған жігіттерге айтсақ, бұның жыры таусылмайтын сияқты…
Әрі қарай