Жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақтөбе - Жетісу 1:1

14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда фотосетке тек 30-ы жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.
Әрі қарай

Еуропа лигасының жеребесі өтті



Өткен дүйсенбі күні Еуропа Лигасының жеребесі өтіпті. Біздің командалар «Ақтөбе», «Жетісу», «Ордабасының» қарсыластары анықталды.

«Ақтөбе алғашқы турда Грузияның Торпедосымен кездеседі. Егер жеңсе келесі турда Молдавияның Милсами командасымен ойнайды. „Жетісудың“ алғашқы қарсыласы Польшаның „Лехы“, мұны өтсе „Хазар“ (Әзірбайжан) / „Нымме-Калью“ (Эстония)жұбының жеңімпазымен кездеседі. „Ордабасы“ Сербияның „Ягодинасын“ өте алса келесі турда Норвегияның танымал клубы „Русенборгпен“ ойнайды.

Бірінші раунд 5 және 12 шілдеде ойналады. Екінші раунд ойындары 19 және 26 шілдеде.
Әрі қарай