СӨЙТЕР МЕ ЕКЕНБІЗ?
Е-е-е-й, күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз, күреңді қойшы, бәрінен, «Джипті» мінер ме екенбіз… «Персик» тағып, алтыннан, қымбаттан киер ме екенбіз… Бай баласы сияқты, долларға бас иер ме екенбіз… Жоқшылықтан күйзелдім, пиццадан ауыз тиер ме екенбіз… Диплом бар, жұмыс жоқ, кім айтар қазір көңіл тоқ, жұдырық түйер ме екенбіз… Анам ауру, сан кесел, жегеніміз вермишель… бай болып кетсем, шіркін-ай, Дубайда жүрер ме екенбіз, «Протон» кетіп жерімнен, біз де бір күлер ме екенбіз… Есік алдында малым жоқ, кейде жейтін наным жоқ… адам сияқты өмір сүрер ме екенбіз!
Қотыр- қотыр… қышиды, денем кейде ысиды… Байқоңырға өзіміз, иелік етер ме екенбіз, көйлегін қыз жуғанша, күйеуге тиіп бір күні, мүгедек бала туғанша, бақытқа жетер ме-е-е-е, екенбіз! Жүргенше осылай қиналып, барша қазақ жиналып, Путинге жетіп барайық, бір шара қымыз алайық, үйінде қымыз ішкізіп, мәселесін қарайық, «ну ладно...» дегізіп, аман-есен тарайық! Тым болмаса осылай, қиялға жетер ме екенбіз! Жалтақтай берсек Ресейге, мәңгүрт болып кетерміз… Доқ көрсетсе Жириновский, бірдеңе нетіп… нетерміз!
Е-е-е-й, ор қояндай жүгінтіп, аш күзендей бүгілтіп, көкпар болса есекпен, таңдап мінер ме екенбіз, сол есекке мінген соң, қызыл қоңыр папкі алып, Астананы төске алып, министр болар ма екенбіз… Жұмыртқа тисе бетіме, журналист қашырар ма екенбіз… Неміске кеткен қымызды, кері артар ма екенбіз, аңға шығып бір күні, динозавр атар ма екенбіз! Қыста жылу болмаса, пәтерде тоңар ма екенбіз, қыз кіндігі көрінсе, бұ қазақ оңар ма екенбіз! Бір түрлі сұңқиып, орысша ұрсып, бұртиып, адамгершілігі азып кеткен, өзіне орды қазып кеткен, ғарышкер Мұсабаевпен бір үйде қонар ма екенбіз…
Е-е-ей, ауыл-ауыл жол қылсам, Қызылқұмды көл қылсам, терроршыны жинап ап, шеттерінен нөл қылсам, арамдарды жинап ап, өз алдына ел қылсам, Машинам болса «мерседес», доңғалағын майласам, алдыма келсе шпион, шандырдай шандыр шайнасам, көк байрағым қолымда, бұрқ-сарқ қайнасам, Астана жақты жайласам, «Бие» деген фирма ашып, желілеп бие байлатсам, күнде жиын, күнде той, «Мұзартыңды» ойнатсам, ауыл әкімін сайларда, дені түзуін сайлатсам, мұнай берген дәулетті көтеріп тұра алар ма екенбіз?
Әрі қарай