Салфетка

Ақын емес болғандықтан азулы,
Бос сөзде де білмейді екем қажуды.
Таусылғандай әлемде бар тақырып
Тапқан екем мен де нені жазуды!

Сүртейін бе не қолымды, бетімді,
Салфеткамның түрлері бар не түрлі.
Пайдалану осы жұмсақ қағазды,
Мәдениеттің көрінісі секілді.

Әне жатыр салфетканың құрғағы,
Міне жатыр антимикроб-ылғалы.
Жол жүруші адамыңа бұл нәрсе,
Аса қажет жарақ болып тұрғаны.

Пах, салфетка! Демеңіздер далбаса,
Шала біткен ақын жырын арнаса.
Мына өлең шықпас па еді жарыққа
Жазатұғын бір салфетка болмаса.
Қаңтар, 2010
Әрі қарай