Адамның күні адаммен

Жұмыстан келе жатқанымда мені үйіміздің ауламызда бір келіншек тоқтатты. Сіз осында тұрасыз ба? — деп сұрады алдымен. Осы көппәтерлі үйде тұратындығымды айттым. Сізден көмек сұрайын деп едім, — деді. Содан кейін оның мектепте оқитын қызын осы үйде тұратын ұл бала ұрып, оның миы шайқалып, оған дәлел болатын медициналық қорытынды да бар екенін айтып, көрсетті де. Менен сұраған көмегі — сол бұзақы балаға мінездеме жазу еді. Сөз арасында арыз бергеннен бері бір ай өткенін, одан бері іс қозғалмай жатқанын, ол баланың әке-шешесі мүмкін құқық қорғау органдары өкілдерінің ауыздарын майлап қойғанын, бірақ куәгерлердің көп болғанын, олардың куәлік еткенін де айтты. Ал мен не істедім? Бұл сөзіне ойландым да, мен ол баланы білмейтіндігімді, бұл үйге жақында ғана көшіп келгенімді айттым. Бірақ мен өтірік айттым, өйткені мен ол бұзақы баланы танитынмын, оның анасын да. Ол баланың үлкендермен салғыласып тұрғанын, тас лақтырмаңдар дегендерін тыңдамай, керісінше істеп тұрғанын да көргенмін. Бірақ бәрі сатылып алынған болса, менің жазған бір парақ қағазымнан не пайда болар деп ойладым.
Енді сол оқиға ойымнан кетпейді, ал менің қызыма біреу сондай зорлық көрсетсе ше… Мен де солай көмек сұрап жүрсем ше.....Құдай бетін әрмен қылсын, бірақ менікі дұрыс емес болды…
Әрі қарай

Бас доқтырдан бірер әнек...

Жаңа ғана агентпен сілтеме келді. Қарасам, Президент іс басқармасы ауруханасының сайты екен. «Не қызық бар екен мұнда?» деп жазып жіберейін деп барып, бас дәрігердің үндеуіне көзім түсіп кетті. О, тоба! Бас доқтырымыз анекдоттар айтып отыр екен:



Кешігіп қалғандар үшін алдын ала ескерту: сайтты жөндеп тастаған болса, скриншотын мына жерден көруге болады.
Әрі қарай