Жаңару, жаңа қадам, құлшыныс.
Тарихта төбеден жай түскендей болатын түрлі ғылыми жаңалықтар болып жатады. Кейбіреулері қолданысқа тез ие болып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне тез сіңісіп жатса, қайсыбіреулері алғашында еленбей кейінірек өзіне назар аударып жатады. Әрине, жаңалықтардың барлығы дерлік өзінің қолдаушылары мен қолданушыларын жаңа қадамға, қоғамдық жаңаруға итермелейтіні анық. Кей жағдайда, жоғарыдан жасалатын жаңа қадамдар мен жаңа үрдістер қолданшуларына түсініксіз болғандықтан өзіне бөлінген қаржыны ақтамайтыны белгілі.
Қандайда болмасын Империя заман талабына сай жарыста реформатор ретінде әрекет жасайды. Үкімет тарапынан қолданушыларына жасауға мәжбүрлейтін жаңа қадамның, түсінуге мұрсаты болмай жатқанымен санаспайтын талпыныстардың елге берері не? Жәй ғана талпыныс күйінде қалатын кезекті науқан болатыны анық. Мұндай қадамдар елді болашақта өздігінен алға аяқ баса алмайтын дәрежеге әкелмесіне кім кепіл? Болшаққа стратегиялық қадам қалай болғаны дұрыс?




“Лексусты” жақсы көлік дейді білетіндер. Жақсы екенін түрінен де білуге болатындай. Әдемі. Қарасаң көз тояды. Артық-ауыс жері де жоқ. Жұмыртқадай жұп-жұмыр келген кескіні де тамаша. “Тойотаның” элегант нұсқасы дейді” тағы бір білгіштер. Бәлкім… Әйтеуір, автокөлік-сүйгіштердің сілекейлерін шұбыртып-ақ тұр. Әркім-ақ сол бір сұлу мәшінді иемденуге құмар-ақ. Ал енді менің тақырыбыма келсек, “Мұсылманның Лексусқа не қатысы бар?” дейсіздер ғой? Пәлендей қатысы шамалы. Бірақ ғибрат алатын жері бар.