Орташа есеппен қазақ бухгалтері

1. Жұмысшылар – оның сорына жаратылған мақұлықтар. Оның ойынша, барлығы – арамтамақ, айлықты текке алып жүрген ептібайымайттар.
2. Ол, өзінің жер бетінде қандай да бір миссиямен келгеніне сенімді. «Әйтпесе, Құдай маған осынша жұмысшыларды берер ме еді?» деген топас риторикалары болады. Сондықтан, көбіне жұмысшыларға пайғамбарсып: «құрттыңдар ғой», «шаршаттыңдар осы!» деп сөйлейді. Және оның ойынша, жаратылыстанудың альфасы мен омегасы – баланс шығару.
3. Аванс беруді – садақа беру деп қарайды. Бұл жерде аванстың айлық есебінен шегерілетінін ескермейді, құдайға бергісіз понт қуады.
Әрі қарай

Күту залында отырғандай болдық ))


Бізге айылықты негізі бухгалтер қалаған уақытына береді да. Кейде айдың басында кейде соңында. Кейде мүлдем ұмытып кетеді. Алдыңғы аптада елдер айлық сұрап шулаған кезде көзін бақырайтып:" Әлі уақыты болған жоқ қой",-дегені, хотя айлық алмағанымызға 1,5 айдың жүзі болған.
Содан қызығы ол айлықты берер уақыты да қызық, әйтеуір бір жұмада сағат 17 50 мен 18 00 дің арасында бір-бірлеп шақырып береді.
Біздікілер сол бір ай өткен соң әр жұма 17 00 ден кейін үйлеріне қайтпай айлықтың берер күнін күтіп отырамыз. ))) Ол апта бермесе, келесі аптада күту залында отырғандай тіз қатарынан тізіліп алып отырамыз. Бәрінің көзінде бір сұрақ:«бүгін айлық бола ма?» немесе тағы жынды бала ұқсап бекер отырмын ба деген?
Әрі қарай