Админ Қарағандыда немесе "Шахтер" мен "Ақтөбе"
«Шахтер» мен «Ақтөбе» футбол командаларының арасындағы ойынды көру үшін Аршат біздің қалаға машина капотын тіреді. Алдын ала хабарласқанымызда «Ерлан Оспан да келеді» деген мәліметтер болғантын. Бірақ, аяқ асты мемлекеттік маңызы бар шаруалары шығып қалғандықтан ол кісі келе алмай қалыпты. Сонымен, админімізбен стадионда кездестік.
Ойын өте қызықты өтті. Басынан аяғына дейін екі қақпашының артына вибрация ойнататындай моменттер жеткілікті болды.
Әрі қарай
Ойын өте қызықты өтті. Басынан аяғына дейін екі қақпашының артына вибрация ойнататындай моменттер жеткілікті болды.

Бұрын 90-шы жылдардың басында болу керек, бізде қазақтарда осындай жұлдыз символ болған дегенді оқыған едім. Нақты дереккөзі жоқ. Болса болған шығар деп жүре бердім.
Көшеде спам таратушылардың да пайдалы спамдары болады екен. Кеше әйелімнің қолына берілген спамдардың бірінде Үндістан тауарларының көрмесі туралы ақпарат жазылған екен. Барып қайттық. Неше түрлі үнді тауарларының жәрмеңкесі болып жатыр екен. Үй жиһаздарынан бастап, әшекей, киім кешекке дейін неше түрлі заттар бар. Киімдер, маталар кинодағыдай түрлі-түсті, неше түрлі. Өзіме футболка қарап едім, таба алмадым. Әйелдерге арналған заттар ма деймін. Егер үнді мәдениеті ұнайтын болса барып қайтыңдар, біреулерге сыйлық алуға да көп вариант бар.




