Астанада ЭКСПО көрмесі аумағының үстінен дрондарды қолдануға тыйым салынды

08.06.2017, 18:28 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
Заңды білмеу оның жауапкершлігінен құтқармайды. Содықтан біле жүріңіз — Астанада ЭКСПО көрмесі аумағының үстінен дрондарды қолдануға тыйым салынды.
Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесінің әуе кеңістігінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану үшін құзырлы органдармен келісілуі тиіс. Олар мемлекеттік күзет қызметі, ҚР ҰҚҚ, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті. Әрі оларды пайдалану ұшу жоспарына сай жүргізілгені жөн.
Астана жаңалықтары: Астанада ЭКСПО көрмесі аумағының үстінен дрондарды қолдануға тыйым салынды

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі» туралы ҚР Заңына және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырындағы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелерін бекіту туралы» №506 қаулысына сай әуе кеңістігіне дрондарды ұшыруға шектеу қойылып отыр.

Егер рұқсат етілмеген фактілер анықталатын болса ҚР әуе кеңістігін пайдалану ережесіне сай тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Құқық бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады. Жеке тұлғалар үшін 10 АЕК бойынша 22. 690 теңге, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК бойынша, яғни 45.380 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Елордалық тәртіп сақшылары көрме аумағының әуе кеңістігінде, яғни шектеу қойылған аумақта ұшқышсыз ұшатын аппаратарды рұқсатсыз қолданбақ болған 4 фактінің алдын алды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік материал әзірленіп, құзырлы органдардың қарауына жіберілді.

Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарынан, БАҚ өкілдері мен блогерлерден ҚР ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану туралы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеулерін шақыруда деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Әрі қарай

EXPO билеттеріне қатысты 7 сұрақ

Астана жаңалықтары: EXPO билеттеріне қатысты 7 сұрақ

EXPO-2017 билеттері туралы сұрақ көп. Ең бастыларына тоқтала кетейік.

1. Билеттер қаншадан?
3 түрлі билет түрі бар. Нақты күні көрсетілмеген демалыс күндеріне арналған, жұмыс күндеріне арналған және нақты бір күн белгіленіп алынатын билеттер. Демалыс күндерінің билеттері 8000 тг, жұмыс күндерінікі 6000 тг, нақты бір күндікі 4000 тг. Мысалы, алдын ала бір демалыс күні кіремін деп алып қойсаңыз, 8000-ға аласыз. Кез келген жұмыс күні барғыңыз келсе, 6000 тг төлеп алдын ала алып қоясыз. Ал егер ертең немесе нақты бір жұмыс күнін белгілеп алсаңыз, 4000 теңгелік билет аласыз.

2. Балаларға тегін бе?
6 жасқа дейінгі балаларға көрмеге кіру тегін. 6-дан 16 жасқа дейінгілерге 50% жеңілдік. 12 жастан асқан балалар мектептен анықтама әкелулері керек.

3. Бір билетпен күні бойы кіріп шығуға бола ма?
Бір билетпен Көрмеге тек 1 рет қана кіре алады. Көрме аймағынан шығып кетсе, қайта кіру үшін жаңа билет алуы қажет.

4. Билеттер қайда сатылады?
Билеттерді онлайн tickets.expo2017astana.com сайтынан және арнайы сату нүктелерінен алуға болады. Мына жерден қараңыз.

5. Студенттерге жеңілдік бар ма?
Студент билетімен 50% жеңілдікпен билет ала алады.

6. Билет кімдерге тегін?
— Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері және 1 алып жүруші;
— Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
— Барлық топтағы мүгедектер және 1 алып жүруші;
— Жетім балалар және 10 балаға дейін топқа 1 алып жүруші тегін.

Сондай-ақ зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, 4 және одан артық бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 50% жеңілдік.

7. Көрменің жұмыс режимі қандай?
Көрменің жұмыс уақыты сағаты 09.00 — 01.00 дейін. Келушілер көрмеге сағат 22:30 дейін кіре алады.
Әрі қарай

EXPO-2017 ең жас және егде волонтері

Еліміздің биылғы жылғы басты шарасы — ЕХРО-2017 өтуіне санаулы күндер қалды. Бірнеше күндерден соң көрме орталығына шетелдерден, еліміздің түпкір-түпкірінен келген қонақтар ағылады. Ал көрмеде сіз бен бізге жол сілтеп, қажетімізді табуға көмектесетін еріктілер туралы не білеміз?

Көрмеде 3 мың адам ерікті болуға ниет білдірген, бір орынға 6 адам үміткер болған, деп жариялады қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарма бысшысы Асхат Оралов.

Оның сөзінше, іріктеудің басты талабы – тіл меңгеруіне ерекше ден қойылған.

— Біз үш тілді ерікін меңгерген ең үздік адамдарды таңдап алдық. Біздің базада түрік, қытай, итальян, және өзге де тілдер бар. «Болашақ» бойынша алыс шетелдерде оқып жатқан студенттер де қатысуға өтініш білдірді, — дейді А.Оралов.

Ораловтың айтуынша, үміткерлерді іріктеуде жас ерекшелігіне мән берілмеген. Ең жас ерікті 15-те. Ол Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушысы, бірнеше тілдерді біледі. Ал, ең үлкен көмекші — 70 жаста.

— Бүгін бізде 50-ден астам зейнеткер оқытылды. Бұл зейнеткерлеріміз бен жастарға өте пайдалы. Жасы үлкен азаматтардың көбі неміс тілін меңгерген, ал жастар сәйкесінше, ағылшын тілін біледі, — дейді А.Оралов.

Ұйымдастырушылар әсіресе шетелдіктердің шара барысында көмектесуге ниет танытқаны таңғалдырғанын айтады. Мысалы, Астанаға Италиядан 12 ерікті келе жатыр. Олар Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде де өз еріктерімен көмектескен. Енді міне, Қазақстан астанасына келіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, көрменің өтуіне атсалыспақ.

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі өз жұмысын 10 маусым күні бастайды.
Материал Астана қаласы әкімдігінің astana.gov.kz ресми сайтынан алынды
Әрі қарай

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ерікті бол!

ҚР өңірлерінде еріктілерді іріктеу шарттары:

1. ЭКСПО-2017 басталған сәтте кандидат 18 жасқа толуы тиіс, бірақ 80 жастан үлкен емес;
2. Ағылшын тілі бойынша тестілеуден немесе лингвистпен сұхбаттасудан сәтті өту;
3. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру;
4. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың болуы;
5. Сотты болмау;
6. Қазақстан тарихы мен салт-дәстүрін білу.
Блог - ZhastarTynysy: ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ерікті бол!

Условия отбора волонтеров в регионах РК:
1. Достижение кандидатом возраста 18-ти лет на момент начала ЭКСПО-2017, но не старше 80-ти лет;
2. Успешное прохождение тестирования на знание английского языка, либо интервью с лингвистом;
3. Знание казахского, русского и английского языка;
4. Наличие медицинской справки о состоянии здоровья;
5. Отсутсвие судимости;
6. Знание истории Казахстана и традиции казахского народа.
Блог - ZhastarTynysy: ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ерікті бол!

Ұйымдастырушылар:
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы;
Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы.

Қазақстандықтардың 64%-ы «ЭКСПО-2017» көрмесінен көп үміт күтеді

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «ЭКСПО көрмесі-2017» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Оған Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 1760 адам қатысты. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы әйел және 27%-ы ер азаматтар.
Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.
Зерттеу 2016 жылы 6-18 мамыр аралығында жүргізілді.
Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің максималды мөлшері 0,5%-дан аспайды.

Ел өміріндегі айтулы оқиға ЭКСПО халықаралық көрме жайлы қазақстандықтардың пікірі бір жақты. Жалпы, халықтың көзқарасы дұрыс. Бұл түйін зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64%-ы көрмені өткізу мүмкіндігіне ие болған ел үшін
ЭКСПО-ң пайдалы тұсы – елімізде және әлемде ғылыми-техникалық прогресс дамиды, еліміздің халықаралық аренадағы беделі артады, үлкен кірістер, әрі инвестиция тартуға мүмкіндік туады және өзге елдермен тиімді байланыс орнатамыз дейді.

Астана жаңалықтары: Қазақстандықтардың 64%-ы «ЭКСПО-2017» көрмесінен көп үміт күтеді
Әрі қарай

Астана мен Сочи арасында туристік байланыс нығайтылады

Сочи қаласы делегациясының Астанаға ресми сапары аясында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков Сочи мэрі Анатолий Пахомовпен кездесті. Кездесу нәтижесінде Астана мен Сочи қалалары арасында туристік байланыс орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.
Атап айтқанда Астана мен Сочи тәжірибе жинап үлгерген ауқымды халықаралық іс-шараларды дайындау және оларды өткізу саласында тәжірибе алмасуға баса назар аударылды.

«Біздің қалаларда өткізілген және өткізілетін елеулі оқиғалардың әсері болашақ ұрпақтарға да маңызды болмақ. Сондықтан осы саладағы өзара іс-қимыл екі елдің аймақаралық ынтымақтастығын нығайта түседі, қалалар арасындағы тәжірибе алмасудың практикалық пайдасы да болады»,- деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков.

2014 жылы XXII Қысқы Олимпиада ойындары мен «Формула-1» Ресей Гран-приін сәтті өткізген қаланың сырт келбеті өзгеріп, әлемге әйгілі болды. Сочиді Ресейдің туристік орталығы деуге әбден болады. Ал Астана 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарын өткізді, сонымен қатар, 18 жылдың ішінде елордада халықаралық және республикалық маңыздағы 400 астам шара, соның ішінде, ШЫҰ және ИЫҰ мерейтойлық саммиттері өткізілді. ЕҚЫҰ саммитін өткізу тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық қоғамдастық үшін елеулі оқиға болды. Түптеп келгенде бұл емлекетіміздің халықаралық қоғамдастықтағы ролін арттыра түсті.

Тараптар екі қаланың да әлемдік деңгейдегі ірі шараларды өткізуге дайындалып жатқандығын атап өтті. Астана келер жылы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізеді. Ал Сочи FIFA-2017 Конфедерация кубогының және FIFA-2018 Әлем чемпионатының матчтарын өткізді. Келіссөз барысында Сочи қаласының мэрі 2017 жылы Астанада өтетін ЭСКПО көрмесіне міндетті түрде қатысатындарын растады.
Астана жаңалықтары: Астана мен Сочи арасында туристік байланыс нығайтылады
А. Пахомов қазақстандық әріптестеріне қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, делегацияның осы сапары «екі қаланың өзара қарым-қатынас тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болатынына» сенімін білдірді. Оның айтуынша, туризмді дамытуға өзара қолдау көрсетудегі бірінші қадам Сочи мен Астананың арасында қатынайтын чартрлік рейсті ұйымдастыру болмақ. Астана, Алматы және Сочи қалалары арасында тікелей қатынайтын авиарейстер маусым айында ашылмақшы.
Әрі қарай

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ БАС АССАМБЛЕЯСЫ 155-СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ

Астана қаласы.
13 маусым, 2014 жыл.

«Rixos President Astana» қонақүйінде ЭКСПО-2017 Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевтың Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 155-сессиясының қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихаты болып өтті.

Баспасөз мәслихатында сөз алған «ЭКСПО-2017» Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетелдік қатысушылармен келіссөздер басталғанын және инвестициялық әріптестіктер орнатылып жатқанын жеткізді.
Әрі қарай

Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Блог - Daniar-Alan: Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Жалпы «жылаңқы» посттардан хош көрмеймін өзім. Бірақ…
EXPO — 2017-ні барынша жарнамалап жатыр. Жан-жақты. Логотипін жасап, оны халыққа таңдатып жатыр. Құптарлық-ақ дүние. Бірақ ресми сайтында қате көп секілді. Жалпы техникалық қателерінен (кері санақ ағылшынша, мәзір арқылы мына бетке өтсең автоматты түрде орыс тіліне ауысып кетеді т.б.) басқа жазу, әріп қателері көп секілді…
Әрі қарай