Қадір түні жайлы
Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)Қадір түні Рамазан айының ішіндегі,Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти каримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы»делінген. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күндері және түндерінен іздеу керек.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһу та’аланың алдында ең қадірлі түн – Қадір түні». (У. Нәжат)
«Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу Құран кәрімді хатым етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету, бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық». (Тәфсири муғни)
«Қадір түнін сеніп және сауабын күтіп, ғибадатпен өткізген адамның Аллаһу та’ала өткен барлық күнәларын кешіреді». (Бұхари, Муслим)
«Ғибадат үшін ең жақсы түн – Қадір түні. Ең қорқынышты түн – қабірде болатын түн. Ең жақсы түнде ең қорқынышты түн үшін дайындық жасаған адамға сүйіншілер болсын».
Пайғамбарымыз Қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фа’фу анни» дұғасын оқу керектігін білдірген. Мағынасы: «Ей Раббым! Сен әрине кешірімдісің. Кешіруді жақсы көресің, мені де кешір».
Ата-бабаларымыз «Әр келгенді Қыдыр біл, әр түніңді Қадір біл» деген. Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, Қадір түніне кездескен боламыз.
Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін қаза намаздар оқу керек, Құран кәрім оқу, дұға және тәубе ету керек, садақа беріп, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға бағыштау (арнау) сауап іс болып табылады.
Сұрақ: Қадір түнінің маңыздылығы қандай және 27-ші түні екендігі нақты ма?
Жауап: Қадір түні – Рамазан айының ішіндегі бір түн. Қадір түнінің қай түн екендігі нақты белгісіз. Ғұламалар «Аллаһу та’ала разылығын жақсылықтардың ішіне, ашуын күнәлардың ішіне, “орта намазын” бес уақыт намаздың ішіне, әулиесін адамдардың арасында, ал Қадір түнін Рамазан айының ішінде жасырған» деген.
Сондықтан да Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін ешбір жақсылықты кішімсімеу керек. Ашуы күналардың ішінде жасырылғандықтан, ешбір күнәні кішімсімеу керек. Орта намазды жіберіп алмау үшін бес уақыт намаздың бәрін уақытылы оқу керек. Әулиесі адамдардың арасында жасырылғандықтан, барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Әр көргенді Қыдыр, әр түнді Қадір деп білу керек.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһ алдында ең құнды түн – Қадір түні» (У. Нәжат)
«Мың айдан да құнды болған Қадір түнінің игілігінен мақрұм қалған адам бүкіл игіліктерден мақрұм қалған болып саналады.» (У. Нәжат)
«Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер.» (Мүслим)
«Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 секілді тақ түндерінен немесе Рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Сауабын ойлап Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед)
«Қадір түні Рамазанның 27-ші түні» (Әбу Дауд)
Имам Ағзам хазреті Қадір түнін көбінесе Рамазанның 27-ші түніне тура келетінін білдірген. «Қадір түніне тура келген түнді ғибадатпен өткізген адам, Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауабқа бөленеді» деген хадис шәрифті ойлап жиі жиі дәлме-дәл келетін 27-ші түнін ғибадатпен өткізетін болсақ, ол түн Қадір түні болмаса да үлкен сауабқа бөленеміз.
Қадір түнін сұраған бір кісіге пайғамбарымыз «Бұл жылы Қадір түні Рамазанның алғашқы түні еді, өтіп кетті. 27-ші түнді ғибадатпен өткізген адамға денедегі қылдар санындай қажылық, умра, шәһидтік және ғази сауабы беріледі» деп жауап берді. Тағы бір ретінде «Бұл жылы Қадір түні өтіп кетті, бірақ Рамазанның 27-ші түнін ғибадатпен өткіз! Қадір түнінің сауабына қауышасың. Шапағаттан нәсіпсіз қалмайсың» деген. Хазреті Айша анамызға да «13-ші түн еді, өтіп кетті, Қадір түнін жіберіп алсаң, 27-ші түні қауышасың. Ол түнді ғибадатпен өткізсең, ахиретке сапар үшін азық ретінде ол түндегі ғибадат саған жеткілікті» деді. Хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ алейһиссалам Рамазанның соңғы он күнінде көп ғибадат ететін еді» деген.
Қасиетті уақыттарда (түндерде, айларда) күнәлардан міндетті түрде ұзақ болу керек, жақсылықтарды және ғибадаттарды көбейту керек. Өйткені Аллаһу та’ала тарапынан жақсы көрілген адам, қасиетті уақыттарда қасиетті істермен шұғылданады. Жаман көретін құлы болса, қасиетті уақыттарда жаман істермен шұғылданады. Жаман істермен шұғылдануы, оның азабының одан да ауыр болуына және Аллаһу та’аланың бұрыңғыдан да оны жек көруіне себеп болады. Өйткені ол бұл әрекетімен осы қасиетті уақыттың берекесінен мақрұм қалып, оның құрметімен қасиеттілігін жерге таптаған болады.
Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін ілім үйрену керек, мәселен фиқһ кітаптарын оқу керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран кәрім оқу керек, тәубе ету, дұға ету, садақа беру керек, мұсылмандарды қуанту керек, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барша мұсылмандарға бағыштау керек. Қадір түнін ғибадатпен өткізген, Рамазан оразасын тұтқан, қажылығы қабыл болған адамның бүкіл күнәлары кешірілгенімен, қазаға қалған намаз, ораза қазасы және құл ақылары өтелген болмайды. Бұлардың қазасын оқып, ақыларын өтеп қарыздардан құтылу керек.
Сұрақ: Қадір түнінің белгілері қандай? Қадір түніне дәл келу (табу) үшін Рамазанның барлық түндерін қалай өткізу керек?
Жауап: Рамазанның барлық түнін Қадір түні деп ойлап әрекет етсек Қадір түніне дәл келген боламыз. Әр күні ең аз дегенде мыналарды орындау керек:
1) Құптан намазында зәм сүре ретінде «Қадір» сүресін оқу керек.
2) Қадір түнінде оқылатын дұғаны оқу керек.
3) Бір-екі бет Құран кәрім оқу керек.
4) Дін кітаптарынан бір-екі бет оқу керек.
5) Аз да болса садақа беру керек.
6) Түнде сәре уақытында, екі рәкат намаз оқып, “Сілсілие алие” деп аталатын әулиелерді атап, бұл ғалымдардың құрметіне деп дұға ету керек.
7) Күндізін де түні секілді ғибадатпен өткізу керек.
Қадір түнінің белгілері: аспан ашық және тыныш болады, ыстық та суық та болмайды. Ертеңіне күн қызарып шуақсыз туады. Қадір түнінде ит дауысы естілмейді деген ғалымдар да болған. Хазреті Убәйд бин Омардың айтып бергені: Қадір түнінде теңізге түскен едім. Суын ішкенімде тұзды емес еді, тұщы және жағымды еді.
Хадис шәрифтерде былай бұйырады:
«Қадір түні аспан ашық және жағымды болады. Суық және ыстық емес, таңертеңгісін күн қызарып шығады.» (Табарани)
«Қадір түні аспан ашық болады, ыстық та, суық та болмайды. Аспан бұлтсыз болады. Жаңбыр және жел болмайды. Ол түннің таңының белгісі күннің шуақсыз шығуы.» (Табарани)
«Қадір түнінің таңында күн шуақсыз шығады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып көрінеді.» (Мүслим)
Сұрақ: Қадір түнінің маңызы неде?
Жауап: Қадір түні Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні. Қадір түні тек осы үмбетке тиесілі. Басқа пайғамбарларға мұндай ізгілікті түн берілмеді. Хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала Қадір түнін үмбетіме сыйлады, басқа үмбетке бермеді» делінген. (Дәйләми)
Расулуллаһқа өзінен бұрыңғы адамдардың өмірлерінің қандай болғандығы білдірілгенде, өз үмбетінің өмірлерінің қысқа екендігін көрді. Өмірлері ұзақ болған бұрыңғы үмбеттердің орындаған салих (жақсы) амалдарын өз үмбеті орындай алмайды деп ойланған кезінде, Аллаһу та'ала Оған мың айдан қадірлі болған Қадір түнін ихсан етті. Аллаһу та'ала «Қадір түні сенің үмметіңдікі» деп, хабибінің көңілін жайландырды. (И. Малик)
Расулуллаһ алейһиссалам «Исраил ұрпақтарының пайғамбарларынан 80 жыл үздіксіз ғибадат еткендері болды.» дегенінде, сахабалар таңырқап қалды. Жәбірейіл алейһиссалам келіп «Йа Расулаллаһ, үмбетің айтылған пайғамбарлардың (басқа жұмыстарының тысында) 80 жыл үздіксіз ғибадат еткендеріне таңырқап жатыр. Аллаһ саған одан да жақсысын берді» деп «Қадір түні мың айдан да қайырлы» деген аятты оқыды. (Рияд-ун-насихин)
Балиғатқа толғаннан кейін 50 жыл өмір сүрген адам, 50 рет Қадір түнін өткізеді. Бір түні 80 жылға татитын болса, 50Х80=4000 жыл болады. 4 мың жыл ғибадат еткендей сауапқа қауышады. Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Сауабын Аллаһтан үміттеніп Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның өткен күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)
«Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханаллаһ», бір рет "Әлхамдулиллаһ", бір рет «Лә илаһа иллаллаһ» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.» (Тәфсир-и Муғни)
Расулуллаһ Қадір түнінде «Аллаһуммә иннәкә афуун кәримун тухиббул афуә фа-фу анни» дұғасын оқитын еді. «Йа Раббым, сен кешірушісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр» дегенді білдіреді.


Сіз де: «оразаны ұйқыда өткізу дұрыс емес қылық» деген ойда боларсыз? Онда қателесіз! Ораза айында күндіз ұйықтамай сауапты істермен айналысу, құлшылық жасау өте пайдалы. Бірақ есіңізде болсын ораза ұстаған адам ұйықтамау керек деген қағида жоқ. Сізге бұл туралы мынадай жаңсақ сөздер Уатсап желісінен келген болар: «Оразаны ұйықтап өткізген адам сауапты түсінде көреді»-деген. Əрине, мені бұлай айтуға діни білімі жоқ дейтін шығарсыздар? Бірақ бұған islamdini.kz сайты жауапты əлдеқашан беріп қойған:






Шай ішу мәдениетінің тарихының тереңдігі соншалықты өз алдына зерттеуге болатын іргелі ғылымның бірі ме деп қаламын. 5 мың жылдық тарихы бар шай ішу, демдеу, дайындау дәстүрі жарнама пайда болған жиырмасыншы ғасырдан бастап құлдырай бастаған. Себебі сапалысы бар, сапасызы бар өнімдерді барынша жарнамалағаннан соң адамдар әбден шатасып кетті дейді білетіндер.
Үнді шайы. Үндістанның өзінде өндірілетін «Ассам» шайының атауы – Ассам провинциясының құрметіне берілген. Теңіз деңгейімен шамалас немесе оған таяу биікте өсірілетін бұл шай– өзінің текстурасы, уытты хош иісімен және қанық ашық түсімен ерекшеленеді. Күнде ішіп жүрген сол «Индира», Сол « Ассам» болғандықтан түйіршікті қара шайлардың маңына да жуымадым шынымды айтсам.
Түрік шайы. Бұл кәдімгі күнделікті өзіміз ішіп жүрген шайдан айырмасын байқай қоймадым. Түрік шайы арнайы екі бөліктен құралған шәйнекте демделеді. Ол біздің күнделікті өмір салтымызға дендеп еніп еткен тәсіл. Яғни шәйнекке бірінші су құйып, үстіңгі сүзгішіне шайды салып, ыстық су құйылған шәйнекті отқа бықтырады. Шыны стақанға құйылған қою шайдың дәмін кіргізетін екі түйір қант болмаса қып-қызыл шайды өзім іші алмас едім.
Қытай шайы. Шайдың атасы саналатын Қытай елінің фестивалге ұсынылған дастарханында қара, ақ, көк, сары, қызыл шай түрлері самсап тұрды. Қытай мәдениеті орталығында істейтін қыздың айтуынша ең дәмді шай жасмин екен. Оның айтуынша қытайлық шай ішу мәдениетінде шайға сүт, қант және әлде бір дәмдеуіштер қосу деген мүлдем болмайды. Біздегідей тәттілеп отырып шай ішу, болмаса сүт қатқан қызыл-күрең шайды маңдайы жіпсіп, жайланып отырып сіміре беру деген мүлдем жоқ. Яғни ыстық суға демделген шайдың өзі ғана адамға рахат пен жайлылық сыйлауы керек деп біледі.
Үстелдерді жағалап келе жатқан маған корей шайларының да өзгелерден ерекше артық ештеңесі жоқ сезілді. Тіпті мынау кішкентай тостақтардың түбіндегі бір қасық сиропта не қасиет болсын деп тұрсам да, біреуін алып үстіне ыстық су құйдыртып алдым.
Үстелге қарай ұмтылған халық арасынан суырылып шеткерірек барып шайымды ұрттадым. Бес жемістің дәмі бар бұл ерекше сусынның дәміне сүйсінгенім соншалықты шай мәдениетінен мақұрм қалудың не екенін сол сәтте ұққандай болдым. Қышқылтым дәмі бар «омичжачха» шайы көбіне қыс мезгілінде ішкен пайдалы екен. Құрамындағы с дәрумені иммунитетті арттыруға пайдасы ұшан теңіз дейді.
Корей мәдени орталығының менеджері Ғазиза Тұрсынбаеваның айтуынша корей халқында шайдың 100-ден астам түрі бар. Бүгінгі шараға цитрустан, жеміс-жидектен, тарыдан жасалған бірнеше шай түрін ұсынып отырғандықтарын айтады. Корей ұлттық шайлары көбіне адам денсаулығын жақсартып, иммунитетін арттыруға көмектеседі дейді Ғазиза Тұрсынбаева (Ғазиза Тұрсынбаева, сол жақта бірінші тұр). Сөйтіп өзге елдің шай мәдениетін кейін асықпай біле жатармын деп, Ғазизадан дастарханға қойылған шай түрлерінің дайындалу тәсілі мен қасиеті жайлы сұрап алдым. Негізі пәлендей қиын ештеңесі жоқ, біздің жеміс тосаптарынан бір қасықты алып, үстіне ыстық су құйсаң корейдің ұлттық шайы болып шыға келеді)) Сонда да қаперлеріңізде жүрсін. Жол түсіп Кореяға барып жатсаңыздар, даяшыға «даяшы, маған омичжачха шайын әкеліңіз» деп отырсаңыз несі жаман))
«Омичжачха» шайы. Біздіңше бес түрлі дәмге ие деген мағынаны береді. Кадсур гүлінің жемісінен жасалатын болғандықтан шай түсі де қызғылтым болуы заңдылық. Бұл шай бауырды тазалайды, қысымды түсіреді. Қант және бал қосып ішуге әбден болады.
Гүлді шайы. Камелия, магнолия, хризантема гүлдерінен құралған шай дәмі мен иісі арқылы ерекшеленеді. Сондай-ақ жүйке жүйесін тыныштандырумен қатар, физикалық белсенділікті арттырады.
Тары шайы. Ал мынау өзімізге етене таныс тары шайы. Арнайы пакетке үгітлген тарыны түйіп қойған. Қан құрамын жақсартып, зат айналымын ретке келтіреді екен. Біздің жақта тары қат болғандықтан тарыны шайға қосып ішу дегенді үлкендерден ғана естіген едік. Ақыры Ақтөбелік қыздың арқасында тары қосылған шайды студент кезімде бір ішкенім бар. Корей тары шайы да тәуір болып шықты.
Топ ортасында қолында шайын ұрттап қойып жүрген тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы ағаны көріп қалдым. Фестивалге қонаққа келген тарих ғылымдарының профессоры Тұрсынхан аға бүгінгідей шай фестивалінің маңызы өте зор екендігін айтады.

Осылайша, жаз да өте шықты. Біреулер үшін бұл мезгіл майдай жақса, біреулерге керісінше аллергия деген бәле тауып берді. Ал шілде тіптен қазан айына айланғандай әсер қалдырд. "Құқығымды" қайтарғаннан кейін, бензиннің қымбаттағаны болмады енді, амал нешік… Шаң-тозаңға деген аллергияның қандай болатынын білдім өз басым. Мұрыннан су тоқтатпай, тамақ қыштыртып, қайта-қайта түшкіртіп, көз аштыртпаған жаз алдыңғы күні «чао бол» деп, соңғы кешінен аз-маз суреттер қалдырды:
Әкемнің туған апайы біртүрлі қызық әйел. Жұрт жын соққан деп шет-қақпайлайтын. Бірақ сөзі, кимі киісі, іс-әрекеті задында жақсы адам болғанынан хабар береді. Қыз кезінде сен тұр, мен атайын дегендей белсенді, жиын-тойдың гүлі болған. Қазір үнемі тұнжыраңқы күйде ой үстіне жүргені. Тек мені көрсе болды, мәре-сәре болып жас балаша шаттанып, жылы-жұмсағын ауызыма төсейтін. Шешіліп әңгіме айтып, екеуіміз тәтті-пәттімен дәмдеп, ұзақ шай ішіп отыратын едік.