Тақтар ойынындағы Торғайлар
Танымал «Тақтар ойыны» сериалының 5-маусымынан бастап Торғайлар деп аталатын радикал діни жамағат туралы айтыла бастады. Торғайлар деген кім?
Торғайлар — Бес Патша Соғысының аяқ жағында Өзенді жерлерде қарапайым халықтың арасында пайда бола бастаған діни ағым. Фанатик Торғайлардың пайымдауынша Жеті Патшалықтағы барлық қасіреттің басты себебі — қасиетті сенімнің қағидаларының сақталмауы деп санайды және бұның бәрін қатаң орындалуын талап етеді. Бастапқыда қарапайым талаптары болған бұл жамағат уақыт өте келе үлкен күшке айнала бастады да Жоғарғы Септон сайлауына өз көсемдерін тыға бастады. Одан кейін әскер қатарына да кіре бастады.
Кіші Кеңестің жиналысында патшайым Серсея Ланнистерге астанада Торғайлардың саны 2000-нан асқаны туралы, оларға қарсы бір әрекет жасау керектігі айтылады. Серсея Торғайларды қауіп ретінде қабылдамай, олармен Тақуалар айналыссын, біздің олармен ешқандай ісіміз жоқ дейді. Торғайлар халық арасында өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізе береді, қатарлары одан сайын көбейе түседі. Ал, Серсеяға көпестерден және басқалардан арыздар түсе бастайды Торғайлар туралы. Серсея бұл қаңғыбастарды қуып шығу туралы ойланғанымен, бұл ойын жүзеге асыруға асықпайды. Торғайлар болса бұрынғыдан да күшейе түседі, киімдері де, қарулары да түзеле бастайды. Басты діни басшылықтан үміткер Оллидорды бордельде ұстап алып, масқарасын шығарады. Кейін өздерінің көсемдерін көтеріп, Тақуаларды сайлауда оны таңдауға мәжбүр қылады.
Торғайлардың негізгі ұстанымдары дін тазалығы болғанымен, осы арқылы алдымен әскерге, сосын билікке жетеді. Бастапқы кезеңде базарларды қолға алады, арақ-шарап және басқа діни артибуттар сатушыларды жояды, биліктегі адамдардың күнәлі істерін әшекерелеп, оларды өздері басқара бастайды.
Осылайша Торғайлар билікке келеді. Қасиетті Әскерлер деген атпен әскери бір бөлім ретінде де қалыптасады. Торғайлардың құрамында патша тұқымынан Лансель Ланнистер көзге түседі.