Әйелден әдемі...

Әлемде әйелден әдемі бір нәрсе бар, ол-сөз! Қызыл сөзбен қала салып тастауға болады ғой.Бірақ, ең әдемі сөздердің көбі әйелге байланысты айтылады, мейлі ол қыз болсын, немесе АНА болсын, бәрібір әйел."Әуелі сөз жаратылды" деседі, сол сөздің әйел жаратылмай тұрып осыншалықты әдемі болғанына өзбасым сене алмаймын.

Әйелдердің сұлулығын сұлу сөзбен жеткізе білген, сендіре білген бірер үзіндіні ұсына кетсем. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында қолға түскен қалмақтың қызының сұлулығын былай суреттейді:
Әрі қарай

Дольче мен Габбана. Күз-2012

Сән әлеміне аналарымыздың емес, әжелеріміздің жастық шағындағы сәнді элементтер ене бастапты. Оны Дольче мен Габбана сән үйі дизайнерлерінің осы жылдың күзіне арналған киім үлгілерінен көре аламыз. Минимализм дәуірінің аяқталғаны болар, осы күзде не бар, соның бәрін тағып ал деп ұрандататын сияқтымыз. Асыл тастармен, бисер, моншақ және басқа да «жылтырақтардың» шоғырынан жасалған ободок, алқа, білезік, сырға, брошь, сақина, тіпті дорбалардың өзі де кестелеп өрнектеліп қана қоймай, сан түрлі әшекей тастармен безендірілген.
Бай және салтанатты көрінетін бұл киім үлгілері әр бір қыздың көңілінен орын табады деп есептеймін. Себебі ханның қызына тігілгендей, қымбат матаға қымбат тастармен өрнек салып, үлде мен бүлдеге орапты бұрынғы "қос ғашық".
Әрі қарай

Менің жастық шағымның әндері)))

Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Кеңес Дүйсекеевтің "Қарағым-ай" әні. Бұл ән мен тоғыз оқып жүргенде шықты-ау деймін. Сәке Қалымов айтты, бірақ Нұрлан Өнербаевтың орындауында маған көбірек ұнайтын.



Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Мұрат Құсайыновтың «Сұлулық» әні. Жақсы көрем осы әнді. Автор өзі де орындайды, бірақ таба алмадым.



Тағы да Нұрлан Өнербаев. «Мен сені сағыныппын». Авторын білмейм. Бірақ осы әнді естісем, жүрегім елжіреп, көзіме жас үйіріліп, қыз күнім есіме түсіп кетеді)))

Әрі қарай

М-агенттегі 1 логин


Барлығыңыз мэйл.ру пырталының поштысы мен м-агентін күнде қолданасыздар деген ойдамын, бәзі біреулеріңізді есепке алмағанда әрине. Сол пырталда мына 1 логинды маған қалжыңдап сыныптас қыз жолдап еді, сіздермен бөлісейін, бәлкім меннен бірінші көрген боларсыз. Сонымен:
aigul.abaeva@mail.ru логинындағы сұлудың фотосына 1592 каммент жазылыпты.
Әрі қарай