Ордабасы-Русенборг матчы
Еліміздің «Ордабасы» футбол клубы Норвегияның «Русенборг» командасымен ойнайтыны туралы естігеннен бастап, бірге жұмыс істейтін қыздар жігіттер болып командаға жанкүйер болуды ұйғардық. Лейрвик-Берген-Тронхейм маршруты арқылы матч өтетін қалаға кешкі сағат бестерде жеттік. Аэропорттан дереу стадионға барып билет алып, қонақтарға берілетін секторға өттік. Ол жердегі стадион қызметкерлер Қазақстанға болысатын ешкім келмейді деп, жайбарақат жүр екен, жетіп барған төртеумізге басында өз тілдерінде бірдеңе деп күліп алды. Стадионға өтіп киініп, «пісіміллә» деп командамызға болыстық барымызша. Қолымыздан келгенше барымызша дайындалып көк футболкамен, кішкентай офиста тұратын флажокты да алып келдік. Айналамызға қарасақ Русенборгтың жанкүйерлері 2-3 секторды алып отыр, ал біздер тек төртеуміз. Сонымен не керек дымға қарамай болысып, бірінші таймда сәл еңсеміз түсіп қалды. Басыма келген алғашқы ойлар «Неге біздің қазақтың командасына үнемі жеңілу жазылып қойған ба?» «Эх, біз де ГОЛ деп айқаласақ қой» деген нешетүрлі ойлар. Бірақ екінші таймда бізге тағы бір жанкүуйер қосылып, еліміздің байрағын қоса алып келді. Көк байрақтың әсері ме екінші таймда тек айқайлаумен болдық, уақыттың қалай өткенін де байқамаппыз. Екі гол соғылып есеп теңескенде қуанышымзда шек болған жоқ, менің де «ГОЛ» деп айқайлаңым келген арманым орындалды ;-) Сол үшін Ордабасы командасына рахмет!!! Қазақтар алға!!! Енді кезек суреттерде:
мына видеодан көре аласыздар Your text to link...
Әрі қарай
мына видеодан көре аласыздар Your text to link...