"Супер Баха" фильмінің тұсауы кесілді

Кеше «Супер Баха» фильмінің премьерасы өтті. Салтанатты шара «Команда А» рок тобының шағын концертімен басталды. Айта кету керек, тұсау кесер рәсімге тыңғылықты дайындық болғаны көрініп тұр. Шоу-бағдарлама аясында бишілер тобының өнері де көрсетілді. Залдың ішінде ілінген фильмнің кейіпкерлері бейнеленген комикс стиліндегі суреттер шараның тақырыптың мазмұнын аша түседі. Көрсетілімге көп адам жиналыпты. Фильм қалай түсірілген, қандай баға беруге болады — оның бәрі бөлек әңгіме, бөлек жаңалық. Қазір фильм режиссерлерінің бірі Тимур Қасымжановпен жүргізілген шағын сұхбатты ұсынамыз.

Әрі қарай

Адам үшінші, төртінші көргеннен ғашық болады деген қағида жоқ

Бұл менің сөзім емес. Бүгін ғана премьерасы болған «Жаужүрек» спектакліндегі Ерлан Біләлдің сомдауындағы Балуан Шолақтың орыс оязының қызы Татьянаға айтқаны.

Премьераға әріптестерім жүр-жүрлеген соң,  театрдың ауасын жұтып келейік деп жүріп бергем.  Көріп шыққан соң көңілге келген ойды блогқа бағыттауды арасында езуімізге күлкі мен ой үйірген соң осы сөзден бастауды жөн көрдім. Әсия әріптесім сияқты майын шақпаспын. Бірақ осы қойылым туралы аз-кем әңгіме.
Әрі қарай