Енді суға түсуге болады...

Бала кезімізде көктемнің алғашқы ыстықтарына шыдай алмай үлкендерден «Суға түсуге» (өзенге әрине) сұранатын едік. Сол кезде «Күн күркіреген жоқ» деп рұқсат бермеуші еді. Сөйтсек күн күркіреп, алғашқы жаңбыр жауып жер дүниенің тазаруын күтеді екенбіз ғой. Бізде бүгін күн күркіреді. Енді суға түсуге болады деген сөз. Сіздер жақта қалай, күн күркіремей суға түсуге болады ма?
Әрі қарай

2005-тің көктемінде...

Мына өлеңді 2005-тің көктемінде жазыппын.

Көктем!
Сен ерке қыз сияқтысың,
Жылап тұрып күле салатын!
Көктем!
Сен селтең қыз сияқтысың,
екі елі шүберекпен төсін жауып,
екі жіпті иығына іле салатын!

Көктем!
Сен менің бабымды таба алмадың!
Жаңбыр соңын қарға ұрып тағы алдадың.
Сонда да өзіңе мен сыр ашайын,
өзіңмен еріп келген бар арманым!
Әрі қарай

Айт сырыңды ақ қайың (Сәкен Майғазиев)



Ақ қайың тұр жағада,
Сағыныш боп санада.
Жалғыз келіп тұрмын мен,
Жылдар салып араға.
Өмірдің сан жолдары,
Біз шешкендей болмады.
Мен сияқты мұң шағып,
Келіп жүр ме ол-дағы.

Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
Әрі қарай

Көктемнің шығуын көшпенділерше анықтау

Көктемнің алғашқы күндері де басталып кетті. «Маслиница-фышт» деп орекеңдер де мәз. Жалпы, біздің бабаларымыз қыстың қатты болуын қораға аузына шөп тістей кірген қойдан болжаса, көктемнің қашан шығатынын да болжай білген. Жалпы жан-жануарға қарап болжау әр халықта бар.Негізгі айтпағым мынау.
Ескіше наурызда яғни, 13-ші наурыз күні қойдың құмалағын қардың бетіне қойып қоятын болған. Кешке қарай құмалақ қарға кіріп көрінбей кетсе көктемнің ерте шығатынының белгісі. Бала кезімізде үлкендер "Құмалақ түсті ме?-деп жатушы еді. Сол сөздің мәнісі осында жатыр екен.
Әрі қарай

Не тындырдым?

Кеше қызметтес келіншектің қайтыс болған шешесіне бата жасап бардық, көңіл айттық. (Оның арғы күні орыс апаның жерлеу рәсіміне қатысқан ек. Осындайда қазаққа риза болып қаласың. Барлық шығынды, қызметті, мәйітханаға апару, шығарып салу бәрін-бәрін
Әрі қарай