Жұмбақ шешкен адамға 8756 теңге сыйлық!

Өткен ғасырдың басында шығып тұрған қазақтың бір басылымында Байбатыр Ержан деген авторы мынандай жұмбақ жасырған екен:



Бала көтеріп тұрған бір қатынға біреу:

— Бұл көтеріп тұрған бала өзіңізге қай жағынан жақын болады? — деп сұрағанда, қатын:

— Баламның баласы, байымның інісі деп жауап береді. Бұл қалай?

Ал енді, Ахтунг: Осы жұмбақты бүгін шешкен адамға 8756 теңге сыйлық беріледі. Ертең шешсе, мың теңгесі кем, солай кеми береді күн өткен сайын.

sekentai.wordpress.com
Сурет: oyu.kz
Әрі қарай

Фотожұмбақ: Бұл орманға не болған?

Көзіңізді қылитып қарасаңыз да, сығырайып сығаласаңыз да, бұл орманның ортаңғы белі қоңырқай тартып кеткенін байқайсыз (байқамай көр). Бұл не қылған аномалия болды екен демес бұрын, аймақты алып кеткен суға назар сала кетіңіз (сал, салма – өз ырқыңыз). Сонда бұл не? (Өрт шалған ба, құрт басқан ба)


Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/02/%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d2%9b-%d0%b1%d2%b1%d0%bb-%d0%be%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d2%93%d0%b0-%d0%bd%d0%b5-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd/
Әрі қарай

Фотожұмбақ: Бұл қандай гүл?

Әрине, бұл жерде біз сайтман достарымыздың гүлтанудағы білім деңгейін тексермейміз. Бұл гүлдерді біреуі нарцисске, біреуі орхидеяға ұқсатар… Ой, өзі бұл әдемі өсімдіктің әр алуан түрі бар ғой, тәйірі. Танып боласың ба… Бірақ, бұл гүлдер тек Тайландтың бір ауылында ғана өседі екен. Енді зерттей қарасаңыз әм жоғарыда айтылған сөздердің кейбірін ауыспалы мағынада бергенімді ескерсеңіз, жұмбақтың жауабы шаш жұлатындай қиын емес болып шығады. Ждемсс!!!



Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/10/%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d2%9b-%d0%b1%d2%b1%d0%bb-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d0%b3%d2%af%d0%bb/
Әрі қарай