Ертең ақырзаман болса, бүгін не істер едің?

Бүгін күн Жұма. Құдайға құлшылықты одан ары арттырып, имандылық туралы көбірек ойланатын күн. Осындай сәттерде о дүние туралы көбірек ойланасың. Қазір ғой көп айтатын болдық АҚЫРЗАМАН жақын қалды деп. Шынымен де солай.



Ал, егер ертең ақырзаман болса, бүгін не істер едің?

Сурет: pravmir.ru
Әрі қарай

Жұма намаз

(30.88 Kb, 355x236)

Кейбір адамдар күнде 5 уақыт намаз оқымаса да жұма намазына мешітке не үшін баратынын түсінбеймін. Сендер барасыңдар ма? Баяғыда бір танысым Қадыр түнін мешітте қарсы аламын деп жалаң аяқ қайтыпты үйіне.
осындай жерде аяқ киім, ұялы телефон, ақша жоғалтып көрдіңдер ме?
Әрі қарай

Жұма

Ескерту: Былтыр (18.02.2011) жазған екенмін. Жарияланбаған күйі нобайлардың ішінде қалып қойыпты.

Таңертең:
қолға алып жатқан жобам бойынша хаттарды сүзіп шықтым. Маша мен аю мультфильмін көріп отырып қалдым.

Түсте:
мешітке кетіп бара жатып, автобус ішінде блогқа бір жазба енгіздім
мешіттен соң, KIMEP-ке қарай ұштым.
KIMEP-те Құрылтай өтетін орындарды қарап шықтық. Кофе брейк, компьютер т.с.с. кәкір-шүкір жұмыстарды ақылдастық
Әрі қарай

Сәрсенбінің сәті...

Апта күндеріне таңылған эпитеттеріміз, ассоциацияларымыз бар. Сәрсенбінің сәтін тілге тиек етеміз. Жұмамыз мүбәрәк. Бейсенбі — басқа өңірлерді қайдам, оңтүстік жақта өлім-жітімнен кейін марқұмның қырқына дейін әр бейсенбіде «бейсенбілік» болады: дастархан жайылып, дұға бағышталады. Батыста дәл қай ру екені есімде жоқ, аптаның белгілі бір күнінде ме екен, айдың белгілі бір числосында ма екен, алыс сапарға шықпайды, маңызды істер істеуден баз кешеді… Сенбі мен жексенбі той-томалақ күндері күнтізбедегі. Дүйсенбі мен сейсенбіні қалай ұмыт қылғанбыз? Шеттету ме екен?

Жоқ әлде, оқыс қылық көрсетіп:

Алты сенбі, бір жұма,
Дүйсенбіде кір жума!


десек пе екен…
Әрі қарай