ҚАЗАҚ ҚЫТАЙДЫҢ ЖИЕНІ МЕ?
Пойыз жүйткіп келеді. Баяғы көзілдірікті кетік жөн сұрасты:
-Әй, бала, қай жердің қазағысың?
-Мына Алматының маңындағы Бақанас деген жердің тумасымыз…
-Еее, Жалайыр мен Ыстылардың жері емес пе. Ұлы жүзбін деші.
-иә, Ұлы жүзбіз.
-Жалайыр атауының түбін білесің бе?
-Білем.
-Жаңа туған баланың арқасында жалы болады ғой. Сол үшін де Жалайыр деп атайды.
-Аха, оны естігем.
-Мына… жалайырлар, жалпы Ұлы жүзде қытайдың қаны бар ғой, білесің бе соны?
-Жоқ, оны білмеппін.