Қазақстан Ұлттық арнасында кеше Еуро-2016 алғашқы матчымен қатар сараптамалық «Франциядағы футбол тойы» бағдарламасы басталды. Тележоба әр ойынның басында және кейін болады. Әр матчқа байланысты қызықты деректер, статистикалар, жаңалықтар айтылады. Бағдарлама қонағымен ойынды бірге талқылайды. #eurokaztrk хэштегімен түскен қызықты пікірлерді, посттарды эфирде оқитын болады. Қонақ ретінде танымал футбол жанкүйерлері, сарапшылары, саясаткерлер, өнер жұлдыздары шақырылады. Кеше түнде спорт блогері ретінде алғашқы қонақтары болып барып қайттым.
Жүргізушілер Нұржан Еркінұлы және Еркін Шәкірұлы
"Қақпашы" Нұржан дайындалуда.
Еркіннің интерактив экраны ұнады. Басып қалса — түрлі ақпараттар шыға келеді.
Алғашқы қонақпын, эхэхэй! ;)
Ойынға командалар дайын, ал студияда Павел Цыбулиннің командасы дайын.
Комментаторлар мына кішкентай бөлмеден жүргізеді.
Асхат Сағынаевпен матчты бірге талқылап қарап шықтық.
Матчтан кейін ұйқы қысса да түнгі 03:00-де ойынсоңы ойларымызды айтып, бағдарламаны аяқтадық.
УЕФА және Hyundai жанкүйерлер арасында сауалнама ұйымдастырып, әр команданың ұраны таңдалды. Бұл ұрандар команда автобустарына жазылды. Сіздерге қай команданың ұраны ұнады?
Австрия — «Тағы да, тағы да тағы да Австрия!» (Immer wieder, immer wieder, immer wieder Österreich)
Албания — «Албан болу қандай бақытты!» (O Sa Mirë Me Qenë Shqiptar!)
Англия — «Бір команда, бір арман» (One team, one dream)
Бельгия — «Бір команда — бір мақсат» (1 team — 1 ambitie)
Венгрия — «Риа Риа Венгрия!» (Ria Ria Hungária!)
Германия — «Біз істей аламыз!» (Wir meistern das!)
Ирландия — «Армандау. Сену. Жету» (Dream it. Believe it. Achieve it.)
Исландия — «Алға, Исландия» (Áfram Ísland)
Испания — «Бір түс, бір құштарлық. Біз — қызылмыз» (Un color, una pasión. Somos la Roja.)
Италия — «Алға, көгілдірлер!» (FORZA AZZURRI!)
Польша — «Бізді доп біріктіреді» (Łączy nas piłka)
Португалия — «Бір команда. Бір құштарлық. 11 миллион бір жүрек. Жасасын Португалия!» (uma equipa. uma paixão. 11 milhões no coração. força Portugal!)
Ресей— «Біріміз — бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін!»
Румыния — «Румыния үшін шайқасатын бір команда, үш түс және миллиондаған жүрек!» (O echipă, trei culori şi milioane de inimi care bat pentru România!)
Северная Ирландия — «Арманға батылырақ!» (Dare to dream)
Словакия — «Бір халық, бір жүрек, бір арман!» (Jeden národ, jedno srdce, jeden sen!)
Түркия — «Біз бітті демей бітпейді» (Biz Bitti Demeden Bitmez)
Украина — «Арман жеңімпаздарды туады!» (Мрія народжує переможців!)
Уэльс — «Айдаһарлар қайта туады» (The dragons shall rise)
Франция — «Сіздің күшіңіз, біздің құштарлығымыз» (Votre force, notre passion)
Хорватия — «Жаңа алау, жаңа тарих, бұрынғы үміт» (Nova vatra, staro mjesto, ista nada.)
Чехия — «Бір команда = бір мақсат» (Jeden tým = Jeden cíl!)
Швеция — «Швеция үшін бірге» (Tillsammans för Sverige)
Швейцария — «Алға, Швейцария!» (Hop Suisse! Hopp Schwiiz! Forza Svizzera!)
20 маусым, дүйсенбі
00:50 Ресей — Уэльс (Kazsport)
00:50 Словакия — Англия («Қазақстан»)
21 маусым, сейсенбі
21:50 Украина — Польша (Kazsport)
21:50 Солтүстік Ирландия — Германия («Қазақстан»)
00:50 Хорватия — Испания («Қазақстан»)
00:50 Чехия — Түркия (Kazsport)