Олар тағы кездеседі

Еуропада футбол маусымы басталды. Бұл дегеніміз әлем назары Ағылшын премьер лигасына ауады деген сөз. Себебі Англияның жоғарғы дивизионына осы маусымда келген бапкерлер: Антонио Конте, Вальтер Мацарри, Жозе Моуриньо, Хосеп Гвардиолаларға — Юрген Клопп(Ливерпуль), Моурисио Почеттино, Клаудио Раньери, Арсен Венгер сынды беделді мамандар бәсекелес атанды. Әсіресе Испаниялық пен португалиялық арасындағы дуэль қызық болайын деп тұр. Қос Манчестер арасындағы тартыс бұрынғыдан бетер қыза түспек. Әзірге екеуіде жеңіліс таппай көш басында келеді. Осы ойында екі команданың бірі не болмаса екеуі де ұпай жоғалтатыны түсінікті.
Моуриньо мен Гвардиола 1996-2000 жылар аралығында Барселона сапында бірге болған. Гвардиола команда капитаны әрі көшбасшысы болса, португалиялық алдымен аудармашы, кейіннен сол кездегі бас бапкер Луи Ван Галдың көмекшісі қызметін атқарған. Қос бапкер арасындағы текетірес 2009-2010 жылғы Чемпиондар лигасында басталып, испанияның Ла лигасында жалғасқан болатын. Енді міне Тұманды Альбионға да кезек келді. Статистика испандық бапкер пайдасында. Енді Англияда дуэльдің жаңа кезеңі басталғалы тұр.
Сонымен 10 қыркүйек 2016 жыл. Ағылшын Премьер Лигасы. 4 тур. «ОЛД ТРАФФОРД» стадионы. Манчестерлік дерби.


Хамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды. 