«Байқоңырда бизнес бастау мүмкін бе?» II Халықаралық интернет-форумы
19
маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет-форум өтті.
Сондай-ақ, онлайн режимде өткен форумға әлемнің 10 елінен: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Әзербайжан, Израиль, Түркия, Финляндия, Дания және Қазақстаннан өкілдер қатысты.
Облыс әкімі интернет-форумды аша отырып, «жұлдызды қалашықтағы» бизнестің даму перспективалары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы 14 нысанды аймақтың коммуналдық меншігіне өткізу туралы жұмыстар жүріп жатқанын, ал олардың негізінде өнеркәсіптік контейнерлер жинау, тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдар өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты өндіріс орындарын ашып, туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
-Бұдан бөлек 2023 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту Тұжырымдамасы аясында «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру жоспарлануда. Бұл аймақта шолу алаңдары, ғарыштық аттракциондар, сауда орталықтары, музей, аквапарк, кинотеатрлар болады. Аталған нысандарды ашу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Біз барлық кәсіпкерлер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды осы іске атсалысуға шақырамыз. Байқоңыр қаласы инвесторларды қабылдап, олар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын,-деді Қ.Көшербаев.
Форумға қатысушылар өз кезегінде «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшін нұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады.
Әрі қарай
маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет-форум өтті.Сондай-ақ, онлайн режимде өткен форумға әлемнің 10 елінен: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Әзербайжан, Израиль, Түркия, Финляндия, Дания және Қазақстаннан өкілдер қатысты.
Облыс әкімі интернет-форумды аша отырып, «жұлдызды қалашықтағы» бизнестің даму перспективалары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы 14 нысанды аймақтың коммуналдық меншігіне өткізу туралы жұмыстар жүріп жатқанын, ал олардың негізінде өнеркәсіптік контейнерлер жинау, тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдар өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты өндіріс орындарын ашып, туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
-Бұдан бөлек 2023 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту Тұжырымдамасы аясында «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру жоспарлануда. Бұл аймақта шолу алаңдары, ғарыштық аттракциондар, сауда орталықтары, музей, аквапарк, кинотеатрлар болады. Аталған нысандарды ашу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Біз барлық кәсіпкерлер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды осы іске атсалысуға шақырамыз. Байқоңыр қаласы инвесторларды қабылдап, олар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын,-деді Қ.Көшербаев.
Форумға қатысушылар өз кезегінде «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшін нұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады.



Ернар


















































Алғаш келгенде мұғалім мен оқушылар диалогының куәсі болғанмын. Жоқ, бұл мектеп емес, үйірме. Талия апайдың педагогикалық іс-әрекетіне қызықтым. Балаға деген мейірімі де бар, жұмысына деген адалдығы да көрініп-ақ тұр. Балалар ойынға еріксіз беріліп кеткен тұста ұстазы үлгілі түрде ескерту жасап, балалардың ойынды ары қарай жалғастыра беруіне рұқсатын бергені де естен кетер емес. Бұл балалар мультфильмді қалай жасайды екен? Өздері дыбыстайды екен. Жалпы, мультфильмді дүниеге әкелудің қиындығын саналы түрде дұрыс түсінемін. Міне, балалардың қандай міндеттер атқаратыны, мультфильмді қалай дыбыстайтыны менің ұйықтап жатқан қызығушылығымды анимациялық түрде теуіп оятқан да болатын.

Балалар жаттығудың жеңіл түрінен бастаған болатын. Бір қызығы, ұстаз да бірге жаттықты. Әй, педагог деп бекер жазбадым ғой мен. Әлбетте, мұндай жаттығулардың мультипликациямен қырық қайнаса да сорпасы мен көжесі бірге қайнайды. Бар болғаны, назарыңыз суреттерде болсын.
Бұл не жаттығу деп ойыңызға «жоңғар шапқыншылығын» жасай көрмеңіз. Сіз үшін жаттығуларды видеоға түсірген болатынмын:
Негізі, ашық сабақта көбінесе жаттығумен жұмыс болды. Содан соң мұғалім нобайдағы жұмысымен бөлісті:


Елена Васильевнаның балаларының суреттерін тамашалауға шамам жетпеді. Қарнымның қатты ашқаны әрі қарай шыдатпады. Талия Рафаэлловнаның да пікірін алмай үйге қайтып кеттім. Дегенмен, қаңтар айында дыбыстап, ақпан айына қарай мультфильміміз дайын болады деген.
Қала мұражайы Мәдениет сарайында орналасқан. 1967 жылы қарашаның жетінші күнінде құрылған. Мұражайда 4 зал бар. Қала тұрғындарының айлықтан айлыққа әзер жететіні себеп болар, оған қоса рубльдің теңгеге деген «шезлонг» қатынасы бар — осыған сәйкес мұнда көбінесе қонақ боп сырттың адамдары келеді. Мұражайға 40 рублімді төлеп кірдім. Иә, мұнда суретке түсіруге болмайды. Жоқ, болады. 50 рубліңді төле де, суретке қалағаныңша түсіре бер. Жалпы, бұдан басқа мәліметті мұражайдың сайтынан іздесеңіз болады: 



Алғашқы құрылысшылардың марапаттары осында жиналған. Дауылбаев көкеміз де бар екен.
Жо-жоқ, Сталинның шинелі емес. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағы құрылысының басшысы болған генерал-майор 



Сынақтан өткен зымырандар да көздің жауын алып, көңілімді сергітті.
Телеметрические датчики. Артемизайос деген шешесі өзбек грек жігіті Төретамның базарында қасапшы ғой. Сол жігіт телеметрияны "қашықтықты өлшеймін" деп жүр. Телеметрия телемеханиканың әдіс-тәсілдері арқылы бақылаудағы нысанның параметр өлшемі (кернеу, тоқ, қысым, температура т.б.) бойынша ақпарат алу болып табылады.














Жапонияда, Үндістанда, Францияда, АҚШ-та да ғарыш айлағы бар екен.
Ал бұл Байқоңырда
Ғарышкерлер мұражайға құр алақан келмейді. Міне, мұражайға жасаған сыйлықтары осы.


Ғарышкердің ішіп-жемін «Ну, погодиден» көрген едім. Енді мұражайдан көрдім.
Ал мына дүниені көрген кезде астроном болсам деген бала арманы көп оқушы кезім есіме түсті.
Көзі жоқтың өзі жоқ деп үн-түнсіз мына кереметті видеоға түсіріп алдым:











Мұражайдың мына дүниесі тіптен ұнады.


Ал мына бір дүниеге қызықпай өте алмадым. Алыстан қарағанда түкке тұрғысыз сурет секілді көрінді.





Мұражай ұжымы интернет деген қу дүниемен таныс екен. Рас-ей, «брат братом силен!»



















Мен тұратын үйдің сиқы осы. Жалғыз біздің ғана ауламыз көлікке толып тұрмайды. Пошта жәшігі әкімшілікке шағымдануым арқылы пайда болды. Көшенің сәнін газ құбыры келтіріп тұр. Ал екі үйдің ортасы қазіргі күнде тегін автотұраққа айналған. Біздің мұрынбоқ кезімізде бұл футбол алаңы болатын. Жігіттер оқуға кеткен соң алаңымыз алаңсыз солай қалды. Бұл күнде санаға деградация жасайтын бір сұрақ бар: адам өзгерген бе, әлде заман өзгерген бе? Әлбетте, мен де жауапсыз қалуды жөн көремін. Дегенмен, сізге сұрақ: біздің алаңда ауланың жүгермектері доп теппейді, ал алаң «баяғы жартас сол жартас» әлі. Қандай өзгеріс бар екен? Иә, мүмкін олар жасыл алаңда бұт терлетіп жүрген шығар.
Өзен жағалауының көрінісі осы. Әкімшіліктің бұл жерді жиыстыруға құлқы жоқ. Әй, әкімшіліктің осы отырысы дұрыс-ей! Жағалауды қоқысқа толтырған әкімшілік емес қой! «Сатурн». Кезінде кинотеатр болса, қазір тек мәдени іс-шаралар өтеді. «Дом пионеров». Әлбетте, пионерлердің заманы өткен. Мектеп оқушыларын жетпіс түрлі өнерге баулитын үй. «Луна» осыдан екі-үш жыл бұрын жабылды. Кезінде талай оқушының мас күйінде, ал жігіттердің тасқа түйінделген қайран зар заманы болған еді. Ал шіркеуіміз сонау ІІІ ғасырда өмір сүрген, Рим императоры Гай Авреелий Валеерий Диоклетианның тұсында басы шабылған мегагиперсупер азап шегуші Әулие Георгийдің атында.
Бәрі жек көретін ЦОН (ХҚКО). Мына еркек болса жүгіріп бара жатыр. Көк туымыз желбіреген орын — сот. Құдай сақтасын! «Титаник» кафесі тек жаздыкүн шілде болғанда орыстарға толады. Біздегі жұрт тұзды суы үшін мына құбырдың астына жата кетеді. Жым-жырт жағалауда жалғыз жүріп сергіп алдым.
«Орион». Бассейн. 2009 жылы 1 ақпанда ашылған мемлекеттік бюджеттік мекеме. Мекемеге «Олимпия» кафесі де тиесілі. Мұнда көбінесе балаларды жүзуге үйретеді. Сонымен қатар шейпинг те бар. Мекемеде 96 адамға арналған бассейн, дамбал кептіретін зал, он бес адамдық 2 жаттығу залы бар. Футбол алаңында еркектердің доп тебетінін көргем. Бірақ теннис алаңы «ескерткіш» үшін салынған-ау шамасы. «Десятилетие» стадионы «Маяк» спорт кешенімен қоса мемлекеттік бюджеттік мекемеге тиесілі «Байконур» спорт-сауықтыру кешеніне қарайды. Бұл кешен 2001 жылы 27 сәуірде құрылған. «Байқоңыр» кеден бекетінде тірі жанның бар-жоғы білінбейді. Байқоңыр әкімшілігінің бөлімшесінде тұрғындардың құжаттары рәсімделеді. Иә, сырттан келетін қаратабан «елім-айшыларға» да бір айлық уақытша құжат осы жерде дайындалады.
Орталық алаң. Ленин де әжем заманнан бері әлі тұр. Кейде «Центральная» қонақүйіне жол сілтеп тұрған шығар деген азғын ойлар сананы сан-саққа шапқылатады. Суретте шошқаның етін жейтін орыстың екі сары домалағы 24 сағат бойы сауда жасайтын «Космо» дүкеніне кіріп бара жатыр. Бұл дүкенге өзім кіріп көрмеппін. Бұл дүкеннің орны кезінде офицерлердің үйі болған деседі.
Екінші дүниежүзілік соғыста о дүниеге аттанғандардың құрметі үшін саябақтың кіреберісінде ескерткіш қойылған. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы Байқоңырдың бір шеті боп табылады. Ары қарай Жезқазғанға жол тартуға болады. Асықпаңыз, өкініштің үшінші дәрежесіне сәйкес әлі ондай жол салынбаған. Ал мұндағы атракционға бала-бақша көбінесе мереке күндері ғана келеді.
Циолковский атындағы мен оқыған №2 қазақ орта мектебі. Биыл шынымен де іші-сыртын жөнге келтірген. Директор әжейдің жасы жетпістен "қашып" бара жатса да, «тағынан» тұратын ниеті жоқ. Алжыды деген осы! Әй, не де болса, әбілхаят суын ішіп жүр-ау осы. Мектептің жанында қарттардың балабақшасы бар. Орыстар әке-шешелерін азанда әкеліп тастап, кешке әкетеді. Балаңа жасағаның алдыңнан шығады деген осы.
Аурухана жаққа (госпиталь) жол тарттым. Госпиталь дегенім, кезінде бұл жер әскери аурухана болған. Тіпті, кереуеттері де сол тоқсаныншы жылдардан қалған дүние. Осыдан алты-жеті жыл бұрын соқырішекпен осы жерге түскен едім. Кереуетте жазылған «Мордовия» жазуы әлі есімде. Жолдың арғы бетінде жетімнің үйіндей қазақтардың әскери комиссариаты бар. Жеті насырым жерге кіріп, бетіңіздің суы бес төгілетіні сөзсіз. Мұнда әскерге бару үшін де, бармау үшін де тиын-тебен төлейсіз. — Отан алдындағы борышыңды өтемейсің бе? — дейді өзі әскерге бармаған иығында «шені» бар еркек. Бұл жетім бұрышта дамбал киген жігіттердің күлкісінен микрофлорасымен қоса ағызып шайып кететін оқиғалар көбірек болады. Ауруханаға қарама-қарсы бетте перзентхана орналасқан. Иә, қандай керемет, үшқабатты ғимарат деп тамсануға болады. Тек асықпаңыз. Перзентхананың сырты бүтін болғанымен, іші түтін. Ішінде лифт жоқ екен. Сөйтіп, әкімшілік түрлі себептерді негізге ала отырып, перзентхананың ашылуына рұқсатын бермеді. Қазақтардың бюджетті қалай тонағандарын әңгімеге қоспайын. Себебі бұл ғимараттың кірпіштері сонау 2007 жылдары қаланған еді.
Мәдениет сарайы. Міне, Қайрат Нұртасың да, Музартың да,
МАИ. Мәскеудегі авиациялық институттың филиалы. «Біз оқушы кезде бұның дәрежесі жоғары болатын. Қазақтан жылына бір-екі бала ғана оқуға түсетін. Ал қазір қазақтың ұл-қыздары өріп жүр. Шүкір, қазақтың білімі артқан екен», — деген ішкі монологым іштей тынды. Дегенмен, біздің колледждің мұғалімдері асханасы арзан деп осы МАИ-ға барады. Үшінші суреттегі ғимарат жұмыспен қамту орталығы ғой. Осы мекеме арқылы «Космос» колледжіне жұмысқа орналасқам. Мына қатынымыз Стелла емес, стела. "Ғылым және ғарыш" ескерткіші. №1 орыс мектебінің ғимараты ұнайды. Ғимаратта бөсіп жүр Таня, Катя, Машалар.
6 және 7-ықшам ауданды жалғап тұрған мына жолда «Ленинск» жазуы әлі күнге дейін тұр. Дұрыс, бұл — тарих! Қаланың бір бұрышы 7-ықшам ауданға тіреледі. Ары қарай: Ақай елді-мекені. Сәйкесінше, Ақайға осы ықшам аудан арқылы өтесіз. №14 мектептің кімнің атында екенін білмеймін. Бұл да қазақтардың жылап жүріп ашқан бір мектебі. Орыстар оңайлықпен рұқсатын бермеген еді. «Евразия» базары қазақтың қолында. Қаладағы мақтауға тұрарлық орта. Дәл қасында «Аяулым» мейрамханасы бар екен. 2009 жылы «Голливуд» клубы болып ашылған еді. Бастығы — қазақ. Сол жерде біздің түлектер бешірі болған. Есте қалғаны, темірді көрдім де, қызды көрмедім. «Гранд» маркеті бар деп бір молда қуанып келе жатса, дәл артында түнгі клубы тұрғанын көріп, мешітке №1 автобуспен тайып тұрыпты.
Орталықты Абай көшесі алып жатыр. Көшенің мұрны ҚР ІІД мекемесіне тіреледі. Ар жағы — Ақай, мына жағы — Төретам. Жалғыз кітапханада бірде-бір қазақша кітап жоқ. Нәтижесінде жақсы білім алып шығасыз. Себебі қазақ тілінде мұндағы кітаптарды таппайсыз. Екіншіден, ақпаратқа қарныңыз әбден ашып жүрген болар. «Астана» кафесі қалай ғана дағдарысқа ұшырамай жүргеніне таң қаламын. Орталық үлкен базарды өзіміз «дәу базар» дейміз. Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің алды көлге айналды. Ал әскери бөлімшенің мына бір ғимараты солайымен тұр. Құлайтын түрі де жоқ. Біздің «Космос» колледжі сарбаздардан қалған осындай ғимарат қой.
Континентаралық қос сатылы сұйықтық… іһқэх-һэх-іэх! Межконтинентальная двухступенчатая жидкостная ракета легкого класса 15А15 (SS-17) главного конструктора М.К. Янгеля. Оһ, міне, енді дәл келді. Даманский аралында орыстар мен қытайлар қақтығысқа қата қалса да, бұл Даманский шағын ауданы қазақ пен қазақтың талай төбелесіне куә болған жер. Сырттан келген қаратабан қазақтар осы ауданда көп. Сондықтан алқаш Жәкеңнің Бәке-Сәкелерге "әкең!" деп тәжікені таңға дейін созатынын жиі көретін боласыз. Әуезов атындағы №6 қазақ орта мектебінің артындағы ашық жер қоқыр-соқырға жиналған. Тіпті, мектептің айналасы қоқыс боп жатыр. Байқоңырдың бір бұрышы осындағы шеткі үйлермен бітеді. Ар жағы шекара. Байқоңыр мен Төретамды осы қоршау бөліп тұр.
Білесіз бе, Қазақстан темір жолы арқылы Оңтүстіктен Батысқа қарай сапарға шықсаңыз, Байқоңырдың вокзалын таппай өтесіз. Жолсерік қатынға немесе қарынға теңгесін берсеңіз де, ол сізге тек Төретамның вокзалын көрсете алады. Мінген сасық пойызыңыз Төретамға жақындағанда қаланың картинасын көруіңіз сондай ғажап! Менің де айтпағым сол, Байқоңырға келу үшін жалғыз дүңгіршегі бар Төретамның вокзалынан 8 минут ішінде түсіп үлгеруіңіз керек. Ал мына сызба сіз үшін құпия карта болмақ.
Бұл коллажда екі суретке рентгенге түскен алақанымның суретін жабыстырдым. Біріншісі мен айтқан қорқынышты ортадан қалаға өтетін жол. Байқасаңыз, дуалдың жартысы жоқ. Ал екіншісі Ақайға алақайлап тартатын жол. Айтар ақылым, бұл жақпен Ақайға барып жүрмеңіз. Себебі бұл орын сонау тоқсаныншы жылдардан қалған өнеркәсіп орындары, сысысырыңа көк тігілгір!
Жалпы, қарашаның он төрті күні Төретамды толықтай бір айналып, суретке түсіріп шыққам. Сол үшін қолда бар алтынның қадірі болған Grand Duos-қа шектеулі алғысымды білдіремін. Сурет пен сөзге сүрінген болсаңыз, атамның әңгімесін тыңдап көріңіз:



Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…
Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.
Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.
Керек болса, мінеки, сергіту сәті:
