Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі

Заман қиындау. Ақша жетіспейді. Банк енді кредит бермейді. Микрокредит беретін ұйымдарға жолағың келмейді. Букмекерде тіккен бәсің де шықпады. Бухгалтерия аванс жоқ дейді. Қысқасы ақша керек қой саған осы тақырыпты көріп, постты оқуға келгеніңе қарағанда? Ендеше мұқият оқы, үйрен!

1. Нысананы нақты белгіле

Қарызға ақша сұрау — қиын өнер. Дұрыстап біліп алмай, өзің сияқты қайыршыдан сұрап тұрма. Алдымен сұрайтын адамыңды мұқият зерттеп ал. Соңғы кездегі жағдайы қалай, нелер алып жүр, шаруасы қалай жүріп жатыр? Асықпай сараптап ал.

2. Аулайтын аңыңның айналасын қарақұс сияқты торуылда

«Сәлем! Қалайсың? Шамалы ақша қараса аласың ба?» деуге әбден болмайды. Алдымен күн сайын сәлемдесіп, жағдайын сұрап, басқа нәрселер сөйлесіп маңайында бол. Қарыз сұрау күні келгенге шейін сондай қарым-қатынаста бол. Сосын барып сұраған кезде бермейін десе ұялатын болады. Сондықтан аздап шыдам керек.

3. Өз жағдайыңды білдіртпе

«Ақшадан қиналып жүрмін, тиын түспей жатыр» сияқты мұңайған сөздермен жылай берме. Өйте берсең «мынау бір күні менен қарыз сұрайды-ау» деп ойлап қалады. Алдын ала өзіңді сүйкімсіз қылма. Үндеме, тыныш жүр, жылама.

4. Жүзбе жүз кездесіп сұра

WhatsApp-пен жазба, телефон шалма. Олай істесең қарсы жаққа ойлану мүмкіндігін беріп қоясың. Бермеу үшін себеп ойлай бастайды. Сондықтан бетпе бет кездесіп сұра.

5. Күтпеген жерден шабуылда

Ойда жоқ жерден, күтпеген тұстан атып шығып, «Маған бір 20 мыңдай керек болып тұр» деп нақты соманы айтып сұра. Сол кезде ол сасып қалады, ойлануына мүмкіндігі қалмайды. Қандай қате жасағанын саған ақша бергеннен кейін түсінеді.

Сонымен осы. Игіліңе жарат ақшаңды!

Ақша табудың қысқаша жолдары

Блог - madinarebrova: Ақша табудың қысқаша жолдарыҚұрметті, оқырман! Бүгін сіздерге ақша табу жолдарын ұсынамын. Қаншама адам айлықтан айлыққа өмір сүріп, абыр-сабыр боп жүреді, студенттердің де күні мәз емес. Декретке шыққан келіншектер де, зейнетке шыққан кісілер де бұл кеңестерді пайдаланса болады. Сондықтан мақалада қаражат табудың 5 жолын қарастырамын. Әрбір әдістің өз құндылығы бар. Мұқият болыңыз. Сонымен, бастадық.
Шетелдік тауарларды сату. Бүгінгі таңда Aliexpress, Ebay, Таобао т. б. сайттардан кез-келген затты сатып алу мүмкіндігі бар. Ол парақшаларда бүкіл тауарлар арзан бағада сатылады. Жоғарыда көрсетілген сайттардан сатып алып, өз қалаңыздағы желілерде сатуға болады. Немесе бутиктерде сатушы таныстарыңыз болса, тауарлардың алуан түрлерін ұсынсаңыз болады.
Өз қызметіңізді ұсыну. Барлық адамның қолынан әйтеуір бір іс келеді. Мәселен, шет тілдерін жақсы білсеңіз, адамдарды оқытатын курс ашыңыз. Егер қолыңыздан техника жөндеу, антивирус орнату, әктеп-сырлау т.б. қызметтер келсе хабарлама тақталарына жазып, осы қасиеттеріңізді қосымша кіріс ретінде пайдалансаңыз болады.
Қосымша табыс. Жұмыскер немесе студент болсаңыз, жұмыстан не сабақтан бос уақытта қосымша табыс табуға мүмкіндік көп. Бала күтуші, көлігіңіз болса қызметкерлерді тасымалдаушы, курьер, хабарламаларды ілуші, т.б. қызметтерде істесеңіз болады. Бірнеше сағат істеп, бір күндік табысыңызды аласыз.
Блог немесе сайттан қаражат табу. Бұл өте қызықты жұмыстардың бірі. Пайдалы тақырыптарда блог жүргізіңіз. Бұл әдісте парақшаңызда рейтинг көтерілген сайын сізге пайда келеді. Қалай? –Оңай. Жарнама берушілерден, партнерлік бағдарламалардан, ақылы сілтеме мен мақала жариялап отырып, қаржы табуға болады.
Хэнд мэйд. Бұл өз қолыңызбен жасай алатын ерекше сувенирлер, білезіктер, т.б. заттар. Көп адам сыйлыққа ерекше зат іздейді. Егер ерекше дүниелер жасай алатын шебер болсаңыз, бұл пункт сіз үшін. Инстаграм, фейсбук, вконтакте, одноклассники, твиттер т.б. желілерге фотоға түсіріп, астына түсі, бағасын жазу арқылы жүзеге асырасыз.
Осымен тәмәм. Таңдау өзіңізде! Бір орында отырмаңыз, өмір өтіп жатыр! Күніңізді қызықты әрі пайдалы өткізіңіз. Қолыңыздан келгенше өзіңіз үшін жұмыс істеп, табыс табудың жолдарын қарастырып отырыңыз. Сәттілік!
Әрі қарай

Балық бастан шіриді

Блог - DinaAbdigalieva: Балық бастан шіриді
Жаңа жылды тойлауға әбігерлерніп жүрген шығарсыздар, солай ма? Иә, иә күлкіге қала беріңдер! Бір өкініштісі, бүкіл жерлерге шыршаларды құрып қойыпты. Ал, тәуелсіздіктің иісі шығып тұрған жоқ. Жоқ, неге тәуелсіздікті тойлап болған соң ғана
Әрі қарай

Еңбектеніп тапқан "кәмпитім" демес

Блог - DinaAbdigalieva: Еңбектеніп тапқан кәмпитім демесБіздің үйде той! Бір емес екі бірдей жақсы көретін жандарымның мерекесі. Менің отбасым қаржыгерлердің мекені, анамның жолын қуған ағам да осы салада.Тек ақ қарға болып жүрген жалғыз мен ғой (оған өкінбеймін арманыма қол созып, қалаған мамандығыма
Әрі қарай

Сіз тұрған жерде қандай бизнес жақсы жүріп жатыр?

Айына 1 млн таза табыс беретін қандай шаруамен айналысса болады? Оған шамамен қанша қаражат құю керек, т.с.с толығырақ? Өзіңіздің тәжірибеңізден, туыс-таныстарыңыз болса… Қалада, ауылда болсын, не істеуге болады өзі? Сіз тұрған жерде қандай бизнес жақсы жүріп жатыр?

Мен білетін қалталы кісілер — кезінде бір жерден конкретно басып қалғандар немесе нелегал тірлікпен айналысып түрмеден аман қалғандар. Өзі жасап бір жігіттер шамамен 250-300 айына, тек маусым кезінде 2-3 есе көп табады.

P.S: сетевой маркетинг ұсынбаңыз)
Әрі қарай

Бейсенбі

Бейсенбі көзін тырнап ашты. Алагөбе таң бозара атып келеді екен. Бірден жұқа көрпесін сілкіп тастады. Сонсоң түнде жартылай сау баспен оқып бітірген, иығында қалып кеткен кітапты сол ашық күйінде жанындағы сөреге қойып, басын ұстап үнсіз отырды. Әрине, үнсіз; ояна салып, өзімен-өзі бірдеңе деп сөйлеп кеткені қызық болар еді.
Бейсенбі асықпай басып, балконға шықты. Арзанқол темекісін сіріңкемен тұтатты да, құшырлана сорды. Кешегі күннен бір белгі – алкоголь аңқыған (иә, сасыған емес, аңқыған) ауызына салыстырмалы түрде тың иіс енді. Ұртында — екі зұлматтың аралас қоймалжыңы; айғыз әйнек пен тор матадан тып-типыл аулаға үнсіз қарап тұрып қалды.
Әрі қарай

Әлеуметтік медиа ақша табу құралы

Жатып алып ақша тапса ғой, шіркін! Өміріңізде ең болмас бір рет осылай армандадыңыз ғой. Алма пісіп, аузыңа түсіп жатса, несі жаман? Интернетте батпан құйрық уәде ететін сайттар жыртылып айрылады. Ит жеместей көремін бе, әйтеуір өзім соларды айналып өтем де жүрем. Бірақ шаш етектен болмаса да, пайда тауып жүргендер бар. Солардың бірін әңгіме тартқан едім.
Әрі қарай

Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады? Табысты қалай көбейтем? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Бұл мәселеде бізге тәуекел-менеджер, құрбым Мәдина көмекке келеді.

Депозит
Қаражат сақтаудың ең кең таралған және ең түсінікті құралы – депозит. Сонымен қатар ол қаражат құюдың ең сенімді жолы болып табылады, себебі салымдардың сақталуын Қазақстаның депозиттерге кепілдік беру қоры қамтамасыз етеді. Депозитіңіз бар банк күйген жағдайда салымыңыз толықтай қайтарылады, алайда оның көлемі 5 000 000 теңгеден аспауы шарт және қор депозит сыйақысын төлемейді.
Банктер клиенттерге ақша салудың қолайлы жағдайын ұсынып отыр, төмендетілмейтін қалдықтың аз болуы, кей банктердегі депозиттен ақшаны кез-келген уақытта шешіп алу және толықтыру мүмкіндігі осыған дәлел. Қазіргі кезде максималды сыйақы мөлшері теңгедегі депозиттерде 10,5%, ал доллардағы депозиттерде 4,1%-ті құрайды:

ОҒМ жазбалары: Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Бұл жерде пайыздық мөлшердің жоғарғы деңгейін ҚР Ұлттық Банкі реттеп отыратынын айта кету керек. Өзге валютадағы депозиттер туралы ақпаратты мына жерден оңай табасыз.

Мәдина, тәуекел-менеджер: Иә, депозит қазіргі кездегі ең сенімді инвестиция құралы деп айта аламын. Алайда ол пайда табудан бұрын, қаржыны инфляциядан сақтауға арналған. Сол үшін депозит иелеріне қаражаттың бір бөлігін доллар немесе еурода сақтауға кеңес берер едім.

Халықтық IPO
IPO – компанияның кішкентай үлестерін (акцияларды) жаңа иегерлерге жаппай сату болып табылады. 2012 жылы Қазақстандағы ірі мұнай құбырларының операторы «КазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акцияларының IPO-сы сәтті өтті. Сатылым кезіндегі бір акция құны 725 теңгені құраса, 2012 жылғы бір акцияға берілген дивиденд 75 теңгені, ал 2013 жылы 109 теңгені құрады. Екі жылдың нәтижесі бойынша «халықтық акционерлер» 25% пайдаға кенеліпті. Осы жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша сатылымға «KEGOC» АҚ акциялары бір данасына 505 теңгеге шығарылмақ. 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ акциялары сатылымға шығады деп күтілуде, одан әрі «ҚазақстанТеміржолы» ҰК» АҚ және «КазАтомӨнеркәсіп ҰАК» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасына қатыспақ.

Мәдина, тәуекел-менеджер: Халықтық IPO бағдарламасының алғашқы компаниясы сәтті өтті. Бірақ компаниялар әртүрлі, мысалы, электр желілері – мұнай емес, кіріс көлемі сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Сондықтан акцияны сатып алмас бұрын компания туралы аз-мұз зерттеу жасап алған жөн.

ҮИҚ
ҮИҚ (үлестік инвестициялық қор) – ұжымдық инвестициялау формасы. Салымшылардан жиналған қаражатты басқарушы компания түрлі қаржылық құралдарға (акциялар, облигациялар) инвестициялайды.
2004 жылдан бастау алған бұл нарық сегменті жоғары пайдалы және тәуекелі аз саналып қарқынды дамыған болатын. Дегенмен, Қазақстанда ҮИҚ – тиімсіз болып табылады. 2008-2010 жылдардағы дағдарысқа байланысты акциялар құнсызданып, нарықтың бұл секторы соңғы жылдары едәуір қысқарды:

ОҒМ жазбалары: Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Мәдина, тәуекел-менеджер: Пайлық инвестициялық қорлардың соңғы жылдары екі есеге қысқаруын есепке алатын болсақ, оларға қаржы құюды қауіпсіз демес едім. Дағдарысты былай қойғанда, алаяқ басқарушы компанияға ұрынып қалу ықтималдығы да бар. Сондықтан ҮИҚқа ақша құярда нарықта ең құрығанда 3-4 жыл жұмыс істеп жатқан басқарушы компанияны таңдаған жөн.

Алтын
Қазір кей банктер ақшаны алтынға инвестициялау мүмкіндігін үсына алады. Ол үшін «металл есеп» ашылады, онда клиентке тиісті алтын мөлшері есепке алынып отырады. Алтын банктің өзінде сақталады. Пайда иесіздендірілген алтынды сатып алу және кейін сатудың айырмашылығынан түседі.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкінен инвестициялық және коллекциялық алтын тиындар сатып алуға болады. Мұндай қызметті Сбербанк және Еуразиялық банк ұсынады, бірақ мұндай алтын тиындар, оның ішінде коллекциялық түрі сізге қымбаттау түседі. Себебі алтынның өз бағасына тиынды жасау жұмысы да қосылады. Оның үстіне мұндай алтынды тек ҚР Ұлттық банкіне немесе коллекция жинаушыға сата аласыз.

Мәдина, тәуекел-менеджер: Иесіздендірілген алтынның курсын банк өзі қояды, дегенмен баға жанама түрде әлемдік алтын құнына тәуелді. Сонымен қатар түрлі комиссиялық шығындары бар. Осыларға дайын болсаңыз, алтынға қаражат құйыңыз.

Автомобиль

Рубль бағасының долларға қатысты төмендеуіне байланысты біздің азаматтарға жаңа авто сатып алу түріндегі инвестиция мүмкіндігі пайда болды. Әлден-ақ кей пысық қазақстандықтар осы негізде өз бизнесін бастап та кетті. Жай ғана Астана мен шекараға жақын Омск Тойота орталықтарындағы жаңа автомобиль бағаларын салыстырып көрейік:
ОҒМ жазбалары: Инвестиция. Қаржыны қайда құям?
Ресейдегі престиж комплектациялы Тойота Камри 1 308 мың рубль, яғни 29 876 доллар тұрады, ал Қазақстандағы орталықта тура осы комплектация 38 000 доллар тұрады.
Бұл туралы тәуекел-менеджеріміз ештеңе демейді. Не десін? Қолыңыздан іс келсе, мұрныңызға бизнес исі баратын болса, алға!




Өз басым мұндағы инвестиция түрлерінен Каспий банк депозитін ғана пайдаланыппын. Ақшаны кез-келген уақытта шешіп алуға болатындығымен тартты, бірақ соның кесірінен бір жағынан қаражат жинап та қарық қылмадым. Айтпақшы, Жилстройсбербанкте жинақ бар, бірақ бұл инвестициядан гөрі қажеттілік дер едім.
Негізі Мәдинаның айтуынша, тура қазіргі жағдайда өзіңді кей нәрселерден қысып қор жинаудың қажеті жоқ. «Автокөлік, техника керек пе – несиеге алып ал, пәтер керек пе, мүмкіндігің болса, ипотека рәсімде, білім алғың келе ме — оқы, шетелге қыдырғың келе ме – алға, дауай! Тапқан ақшаңды өз рахатыңа жұмса, себебі девальвация бәрібір жалмап алады» дейді. «Кенет» жағдайларға кішкене «тықпаң» болуы керек әрине. Кеттім. Ақша жұмсауға.
Әрі қарай

Үлестік инвестициялық қорлар

Блог - Marco: Үлестік инвестициялық қорлар
Сәйкестікті қараңыз. Әдетте спам хаттарды ашпаймын ғой. Бірақ, Усман ханымнан (өзі ханым, бірақ үйленген) келген хаттың тақырыбы блогиаданың осы аптадағы тапсырмасымен үндесе қалғаны соншалық, көз салмай кете алмадым. Марам апам біздің елдегі дайын бизнеске инвестиция құймақшы екен. «Пішту» деп миығымнан күліп қойып отырсам да, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін қонақтарды жатқызатын отель-мотельдердің әлі де жетпей жатқанын білетін жазған басым, «Жөн-ау» деп те ойлап қалды. Идея тамаша. Бірақ, қонақ үй салмақ түгіл, пәтер сатып алуға ақшам жетпей жүргені ойға түсіп, мұңайып та алдым. Бірақ, бұл енді бос сөз болып кетті…
Әрі қарай

ТиынTube

youtube.com да канал ашып аз-маз ақша табудың жолдары.
Екі жолы бар екен (мен білетін).
Бірінші google.com мен тікелей келісімге отыру арқылы. Бұл жерде гуглдың Google AdSense қосымшасы арқылы жұмыс жүргізесіз.
Екінші жолы партнерлік компаниялар арқылы.
Мысалы:
www.air.io/
Алдымен бірге жұмыс жүргізуге ұсыныс тастайсыз. www.air.io/?page_id=1432
Оларға қызығы сіздің каналдағы тұрақты көрермендер саны, бір күнде қаралу саны, жаңа видеолардың жүйелі түрде жүктеліп отыруы. Бастысы авторлық құқықтың сақталуы. Егер үстіңізге шағым түссе сол каналға жұмсаған еңбегіңіз еш кетті дей беріңіз.)
Талаптарына сай келіп келісімге отырып жатсаңыз, сіздің олардың талабына сай келген видеоларыңыздың жанына $ белгісі шығып ақша түсіру басталып кетеді.

air.io сіздің видеоларыңыздың жанына, астына жарнамалық баннерлерді шығарып отырады. Бұл компания сізге жарнамадан түскен табыстың 70% аударады.

Менің практикамда 1 200 000 нан астам қаралымға таза 90 $ аударылды.

Егер сізге басқалардың қанша пайда тауып жатқаны қызық болса socialblade.com/ арқылы біле аласыз.
Мысалы мынау Жайдарманның ресми каналы:
Блог - Janasil: ТиынTube
Жайдарман

youtube.com да каналман жұмыс жасау, пайда табу жөнінде орыс тілінде ақпараттар жеткілікті. Сондықтан мыжып жазып отыру қажет емес шығар.

Шынымен қызығушылығыңыз болса мына видеоларды асықпай қарап шығыңыз:

www.youtube.com/channel/UCUnapro0qELV-TNQi6QUt_g

www.youtube.com/playlist?list=PLstGO9wcIpEbWCfvYIOikHVLRpbNyGneU

AIR Support
www.youtube.com/channel/UCfzaH_fgpUU-ixhME-cPyEA
Әрі қарай