Айтайын дегенім

«Керекинфоға» тіркелгеніме көп болған жоқ. Шынымды айтсам, әрбір жариялаған (мейлі ол «умаждалған», мейлі тың тақырып болсын) жазбаға жан-жақтан, яғни сіздерден салмақты ой-пікірлер күтетінмін. Себебі бір мәселеге бірнеше көзбен қарап, өрбіту деген жақсы ғой. Бірақ, Аршат, Асхаттар бұл жерді боқауыз сөздердің қоймасы қылыңдар деп ашты ма? Бәрін жаза беру керек екен деп, жазып жатырмыз, жазып жатырмыз… Жазу мәдениетміз болса, құлдырап барады...((
Әрі қарай
  • 9
  • Автор туралы
    Шатаспасам, осыдан тура 20 жыл бұрын Сарыарқаның “Нілді” деген жерінде дүниеге келіппін. Ата-анамды атымен атаймын. Аян, Толғанай деп. Әжемнің қызымын, есімімді де сол кісі қойыпты (сиыр сауып отырып ). Қызық, иә?! Ес білгелі атымды атаған емес, “Құлыншағым” дейді. Таңертеңнен қара кешке дейін тығылыспақ ойнайтын ойын баласын (яғни, мені) әжем ұстап алып, бір күні жуындырып жатыр. “Сен енді өстің, үлкее-е-е-н бала болдың. Енді мектепке барасың, сабақ оқисың”,-деп қояды. Одан кейін 11 жыл да зулып өте шықты. Сөйтіп жүріп мектепті де ойдағыдай…емес бітірдім. Неге дейсіз бе? Екі сабақтан ғана 4 деген баға алып қалдым. Оны қойшы. Улап-шулап жүріп, ҰБТ деген ”сұмдықты да” тапсырдық-ау…Қиыны – журналистикаға түсу болды. Қиын болғанда, тағы да әжем: “Құдайдың құтты күні телевизордан журналистерді атып кетті, өлтіріп кетті, ұрлап кетті деген сұмдық хабарлар көрсетіп жатыр. Қойшы, сол журналистикаңа бармай-ақ қойшы, мұғалімдік жақсы емес пе? ”-деп жолыма жата жабысты. Бір сөзбен айтқанда, үйдегілер журналистикада оқуыма қарсы болды. Бірақ, бұл - менің бала күнгі арманым. Одан қалайша бас тартуым керек?! Не де болса деп, тәуекелге бел будым. Нәтижесін біліп отырсыздар. Қазір Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқимын. Енді әрі қарай қалай болатынын өмір көрсетер. “Автобиографиялық әңгіменің” басы – әзірге осы.
  • 68

Атыраудағы басқосу

Танымал блоггер, журналист Асхат Еркімбайдың кезекті сапарына орайластырылған Атыраулық керекшілердің бас қосуы кеше «Фаворитте» басталып, «Самұрық» мейманханасында жалғасты. Қатысқандарды фотобаян арқылы біле жатарсыздар.
Ойым — осы кездесуде бәрімен амандасып, бір сәлем беру еді. Қазақ күйінің сүйемелдеуімен, тары салынған қазақы қою шайымен ерекше атмосферада өткен отырыста Асхат, Нұрберген және Алишамен танысқаныма қуанышты болдым. Ал Маратхан, Алмастармен ескі керектен таныстығым бар. кәрі қасқырлар
Самұрық ішінде:
Әрі қарай
  • 46
  • Автор туралы
    http://www.kerekinfo.kz/blog/estafeta/6183.html#comment135870
  • 83

Кибер Чайхана



Кеше, яғни сәуірдің 19 күні пост советтік Орталық Азияның тарихы жайлы блогшылардың арасында жазылған Кристофер Шварцтың редакциясымен жарық көрген «Кибер Чайхана» атты кітабтың тұсаукесері Қарағанды қаласының Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында кесілді. Тұсаукесерге Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенттері қатысты.
Әрі қарай