Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды



Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Қарашаның 13 мен 16 аралағанда өтіп жатқан жарыста 14 облыс пен үш мегаполистің спортшылары бақ сынауда. Олардың сапында халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жүрген дзюдошылар да бар. Әр бірі жеңіске жетуге ынтығып, үздік нәтиже көрсетуде.

Ел біріншілігіне 500-ге тарта спортшы қатысуда. Олар 14 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтының ішінен ең үздігін анықтайды. Әр облыстың баптаған тұлпарлары дара танылып, татамиде мүмкіндігін байқауда. 3 күндік қорытынды бойынша медальдар санымен Маңғыстау облысы көш басында. Қоржында 3 алтын 2 күміс 1 қола

Ел біріншілігінде жеңіске жеткендер ұлттық құраманың сапына еніп, халықаралық жарыстарға жолдама алады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада 100-ден астам дзюдо секциясы жұмыс істейді. Қатары 2019 жылы 85 секциямен толығады

Мұз қалашықтары мен сырғанақ алаңдары қайда ашылады?



«Жаңа дәуір — жарқын болашақ» атты концерт өтеді. Ал, елорданы ауыстыру құрметіне орай, «Астана арманы» концерті халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.

Астанада биіктігі 16 метрді құрайтын сырғанақ ашылады. Тәуелсіздік күніне орай ел игілігіне берілетін аумақ, президент саябағында орналасады. Мұнан өзге коньки мен шана тебуді ұнататындар үшін тағы 11 сырғанақ жасалады. Биыл, мұз қалашықтар Хан шатыр, қалалық алаң, Ботаникалық бақта орналасады.

Аудандар мереке аясында білім ордаларында хоккей кордтарын ашып, қысқы спорт түрлерінен жарыстар өткізеді. Алтын, күміс алқа иелерін марапаттап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырмақ.

2019 — Жастар жылы деп белгіленуіне орай, Астанада дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Серік Ибрагимовтың ән кеші 25-ші қараша күні өтеді.

Тұңғыш президент күні қандай іс-шаралар болады?

Израиль медицина мамандары Астанада



Израильдің танымал неонатологы Мики Осовский Астанада шеберлік сабағын өткізді. Ол перинатарлық орталық базасында 4 күн бойы елордалық 30 неонатологты оқытты. Тақырып- өте аз салмақта туылған нәрестелерге күтім жасаудың тиімді технологиясы. Шеберлік сабағы жетекші израильдік клиникалармен орнатылған стратегиялық ынтымақтастық негізінде өткізілді.
Михаэль Осовский Израильден бөлек Таяу Шығыстағы ең ауыр және аз салмақты сәбилердің жағдайын тұрақтандырумен айналысады. Ол қызмет ететін «Шнайдер» клиникасы шет елдерге 4-ші деңгейдегі көмек көрсететін жалғыз балалар орталығы ретінде тәжірибесі мол. Бұл білім қорымен бөлісуге асық ақ халаттының Қазақстанда өткізген 2-ші шеберлік сабағы.
Михаэль Осовский – «Шнайдер» медициналық орталығының бөлім меңгерушісі / Израиль
Мен 6 жыл бұрын Өскеменде шеберлік сабағын өткіздім. Нәтиже көңіл қуантты. Израильге де қазақстандық көптеген неонатологтар келіп, білімін шыңдап, тәжірибесін арттырады. Менің мақсатым, дүниеге келген әр нәрестенің дұрыс қалыптасуына көмектесу.
«Шнайдер» клиникасында 24/365 тәртібінде шала туылған нәрестелерге кардиохириургиялық, нейрохирургиялық, онкологиялқ ота жасалады. Нәтижесінде, сәбилердің ретинопатия, ауыр инфекция, патологиялық аурулардан толық емдейді.
Наталья Мелех – «MVI» медициналық орталығының бас директоры / Израиль Біз үшін баланың туылуы ғана емес, өмірге дені сау болып келуі маңызды. 23 аптаға таяған нәрестенің 99 пайызын аман сақтап қаламыз. Тәжірибемізде, дене салмағы 425 грамды құрайтын сәбидің туылуы кездесті. Бәрі сәтті өтті. Ал, 700-800 грам балаларға кадиохирургиялық отаны ойланбастан жасаймыз. Үйренгілеріңіз келсе, Израильге келіңіздер.

Астанада соңғы 9 ай ішінде ай күніне жетпей 259 босану саны тіркелген. Ақ халаттылар әр нәрестенің өмірін сақтап, қалыптасуы үшін бар жігерін жұмсайды. Мәселен, 500 грамм дене салмағымен туылған, ас қорыту ағзасы жетілмеген сәбилерге керекті қоректі тамыр арқылы береді. Нәрестелердің толыққанды тыныс алуы үшін, дәрігерлер Израильдік әріптестерінің тәжірибесіне сүйене отырып, құрылғыларға тапсырыс берді.

Республикалық «Жас ақын» байқауының жеңімпазы анықталды



Республикалық «Жас ақын» байқауының жеңімпазы анықталды. Үздік танылу үшін еліміздің әр облысынан 18 бен 29 жас аралығындағы 400- ге жуық ақын ынтықты. Ақтық сынға оның 10- ы жолдама алды. Үміткерлер 3 кезеңнен сүрінбей өтті. Яғни, олар «Астана жастар жүрегінде», «Астана- жиырмадағы жас қала», «Еркін тақырыпта» қалам тербеп, жыр шумақтарын арнады.

Жеңіске баршасының бар таласы. Әр бірі елордаға арнаған өлеңін иірімді ұйқаспен әрлеп, мазмұнды сөзбен көркемдеді. Абайдың ізін жалғағандар, «ат тұяғын тай басарын» жадында сақтады. Оларға шабыт сыйлауға зиялы қауым өкілдері келіп еңселерін тіктей түсті.

Байқау нәтижесі бойынша 1-ші орын Дания Сәтбекқызына бұйырды. Шығыс Қазақстан облысынан келген ақын шабыт атты тұлпарын тақымдап, сүбелі сөз, отты өлеңімен тәнті етті.

Үздіктер сапына енгендерге қаржылай сыйлық табысталды. Ақындар мүшәйрасы концеттік бағдарламамен жалғасты.

«Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағының құрылғанына 5 жыл



Биыл, «Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағының құрылғанына 5 жыл. Осы уақыттан бері 1500-ге жуық жас темірдей тәртіпке бағынып, құқық бұзушылықпен күресіп келеді. Олардың бірі Қуаныш Төкен. Басқару колледжінің 3-ші курс студенті, тәртіп сақшыларымен рейдтік шараларға шығып, әкімшілік хаттама толтырып, қаланың қауіпсіздігін сақтауға үлесін қосуда.
Астана қаласы бойынша жас сақшылардың қатысуымен 1 жылда 50 құқықбұзушылық әшкереленді.Іс сотта қаралып, әкімшілік айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары, ізбасарларының еңбекқорлығы мен отансүйгіштігіне сүйсіне қарап, жоғары бағасын берді.
Бұл жылы студенттер жасағының құрамы 200 жаспен толықты. Бүгін, белсенділігімен көзге түсіп, міндетін жақсы атқарғандар марапатталды. Бұл олардың шабытын шалқытып, жұмысын одан әрі нәтижелі орындауға серпін бермек. Жастар, ұлағатты ісімен елге үлгі болған аға буынның алғысын алды.
Жастардың патриоттық сезімдерін еселеуге эстрада жұлдыздары жалынды әндерін орындады. Тыңдармандардың рухын асқақтатып, жандарын жадырата түсті.

Ғажап көпірге саяхат. Шыңғыс Қожабековпен бірге

«Астананы жағаlike» — қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті еткен сәулет өнерінің туындылары, қызықты демалыс орындары жайында әңгімелейтін танымдық жоба. Жеңіл әзілдер, сапалы бейне көрініс оның басты ерекшелігі болмақ. Бағдарламаның жүргізушісі талантты жайдарманшы Шыңғыс Қожабеков.

Жобаның алғашқы саны Астанадағы жаңа, ерекше нысанның бірі «Атырау көпіріне» арналады.

Пирамида құпиялары

Астананы жағаlike жобасы бүгінгі санын Астана қаласы Әкімдігінің «Бейбітшілік пен Келісім Сарайы» МКҚК ғимаратына арнайды.

Бағдарлама жүргізушісі: Шыңғыс Қожабеков



Бейбітшілік және Келісім Сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Елордада Пирамида тәріздес сарайды салу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Жоба авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Роберт Фостер.

Елордада Пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса деген идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І-ші съезінде ұсынған болатын. Мемлекет басшысының идеясы съезге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі конфессиялардың көшбасшыларының үлкен қолдауын тапты. Әлемнің ең жас елордасы Астана қаласында 2006 жылы қайта қауышқан съезд делегаттары екінші бас қосуын жаңа, бірегей ғимарат – Бейбітшілік және Келісім Сарайында өткізді.

Пирамиданың негізі 62×62м, биіктігі 62 м. Ғимараттың сыртқы беті ішкі бейнені көрсететін әйнек және тас плиталармен қапталған, ал пирамиданың төбесі, яғни күмбезі – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген нағыз өнер туындысы атақты суретші Брайн Кларктың витражымен безендірілген.

Жаңа сарайдың салтанатты ашылу рәсімінде әлемнің классикалық музыкасының жарық жұлдызы Монсеррат Кабалье өнерін паш етті.

Сарай ішінде 1302 орынға арналған Опера залы, Atrium салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы, Түркі әлемінің академиясы орналасқан.

2009 жылдың 13 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес «Бейбітшілік және келісім сарайы» Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны құрылды.
Сарай демалыс күндерінсіз жұмыс істейді. Экскурссиялар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Инстаграм өрнектеген Астана

Инстаграм өміріздің бір бөлшегіне айналғалы қашан. Барымызды сонда салуға, естелік ретінде сақтап қоюға тырысамыз. Астана суреттері менің парақшамның ең көп салынатын тақырыбы екен. Осы жылы біраз өзім үшін ерекше суреттер түсірген екенмін.


Кемпірқосақ. Бұл суретті көліктің ішінде түсірген екенмін.


Алтын. Жазда осы көрініс бірнеше рет қайталанды. Өкініштісісол кездері қолымға фотоаппарат болмады. Соткамен түсіруге тура келді.


Бұл Астанадағы мен жақсы көретін ерекше орындардың бірі. Осы жерде бірнеше влог түсіріп үлгерген екенмін.



Ең биік ғимараттар. Осы жылғы өзгерістердің біразы осы ғимараттарға кіргеннен кейін басталыпты. Сосын шығар ыстық сурет :)


Бұлт. Кешкі көрініс.


Бұл жаздағы ерекше орынның бірі осы алаң болды.


Наурыз көже ішіп тұрған әжелер.


Ақшаға суретке түсетін «мыстан»


Осы жылы Астана жүгірушілері мен велошыларына жақсы жағдай жасалды. Соның әсері болса керек, жүгірумен тұрақты айналысатын достарым көбейген екен.


ЭКСПО алаңында өткен 91 тобының концерті басталар жатқан сәт.


Көпір үстіндегі жұмысшы Ақордаға қарап ойланып отырған.

Сол жағалауда төрт автожолда бірбағытты қозғалыс енгізіледі

Астананың сол жағалауында төрт автожолда бірбағытты қозғалыс енгізіледі. Онымен қоса, Кенесары мен Абай көшелеріндегі бірбағытты жолдар ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.

«Бекітілген Көлік кешенін дамыту бағдарламасына сәйкес, қоғамдық көлік үшін Bus Lane жолақтарын сыза отырып, қаладағы алты көшеде: Қонаев, Достық, Түркістан, Ақмешіт және Кенесары мен Абай көшелерін ұзарту арқылы бірбағытты қозғалыс енгізіледі», — деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәслихаттың кезектен тыс отырысында.

Атап өтілгендей, бұл шешім қоғамдық көлік үшін кедергісіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Елордадағы қозғалыстың 60-65 пайызы автобустарға тиесілі. Сондай-ақ С. Хорошун бүгінгі күні қалада бір бағытты алты жол барын айтып өтті: Кенесары, Абай, Желтоқсан, Әуезов, Янушкевич және Мәмбетов көшелері. Олардың жалпы ұзақтығы 14,5 шақырым.

Өз кезегінде мәслихат депутаты Мәжит Шайдаров қозғалыстың аталмыш түрін сол жағалауда енгізбес бұрын оң жағалаудағы жағдайды реттеп алу керектігін айтты. Оның сөзінше, бірбағытты Желтоқсан мен Әуезов көшелері тұрақтарға айналып кеткен. Бұл өзге жүргізушілерге кедергі келтіріп қана қоймай, апаттық жағдайлар да тудырады. Әкімнің бірінші орынбасары бұл түйіткіл ақылы тұрақтардың екінші кезеңін іске асырумен ішінара шешілетініне сендірді.

Бұл ретте С.Хорошун 487 тұрағы бар Нұржол бульварын мысалға келтірді. Нұржолдағы ақылы тұрақ көп табыс әкеліп жатқанына да назар аударылды. «Тек осы пилоттық жобадан 2018 жылы 30 млн теңге айыппұл бюджетке түсті. Жыл соңына дейін тағы 4 мың, 2019 жылдың соңына қарай барлығы 10 мың тұрақ орнын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олардың тең жартысы оң жағалауда орналасатын болады», — деді ол.

www.inform.kz/kz/astanada-tagy-tort-avtozhol-birbagytty-bolady_a3400979