Қазақ алаңындағы лезгинка

Астанада футболдан «Президент Кубогы» халықаралық турнирі аяқталып, Қазақстан құрамасы алғаш рет жеңімпаз атанды. Бірінші ойындардан еліміздің командасы сапындағы санаулы қазақты аңдып, солар кішкентай болса да, әдемі әдіс жасаса қуанып отырдық.
Шешуші матч аяқталған соң Қазақстан командасы алаңда қуанып, жанкүйерлерге алғысын білдіріп, біраз жүгірді. U-17 жас дәрежесіндегілер турнирі болғандықтан бұл 15-16 жасар балалар, шынайы қуаныштары сезілді. Әдеттегідей отыз мыңдық Астана Аренада адам көп болмады, бірақ жиналған 2-3 мыңнын 99 пайызы қазақ болғанын нақты айта аламын. Бәріміз қуанып жүрген жас аяқдопшыларға қарап, сүйсініп тұрдық. Бірақ маған бір ұнамаған жәйт: осы жеңісті тойлау барысында қазақтың алаңында биленген лезгинка биі.
Мен түсінем, коммерциялық мақсатта құрылатын футбол не басқа спорт түрлерінен клубтардың легионерлері үлкен жеңіске жеткен кездерінде өздерінің туған жерлерінің туларын алып шығып, өздерінің ұлттық билерін билеп жүреді. Ал, Қазақстан ҰЛТТЫҚ құрамасында өнер көрсетіп жүріп, біреуі лезгинка билеп, ал қалғандары соған қол шапалақтап тұрғаны қалай?

Әрі қарай

Мерекені қалай тойлаудамын?

Күн суық. Қашанда кешігіп жүретін әдетіме басып, Алматыдан келген таныстарды Астананың аязына үсіріп, әйтеуір кездесетін орынға әрең дегенде жеттім. Бұл орын — Астана-Арена еді. Мұнда келуімізге себепкер — «Тәуелсіздік — қазағымның арманы» атты музыкалық дастан. Ғимараттың есігіне жету қандай қиын еді: алдымен күзетшілер билетпен өткізеді, келесі айналмалы есіктен сол билетті тексертесің. Онан қала берді ішке кірген соң... тіпті фотоаппаратымды суретке түсіртіп тұрып тексерді ғой.
Әрі қарай

Жанкүйерлер Қазақстанның жеңетініне сенбейді



Сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің тек 3,5 %-ы ғана Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжанды жеңеді деп жауап берген. Қазақстан Футбол Федерациясының ресми сайты жүргізген сауалнама нәтижелері осындай.
Әрі қарай