Астанада VIII Азаматтық форум өтті
Азаматтық қоғам және мемлекет. Бүгінгі үкіметтік емес ұйымдардың форумы осы тақырып төңірегінде өрбіді. Тағы, Елбасы Жолдауында айтылған әлеуметтік бастамаларды іске асыру аясында тиімді ынтымақтастық құруға баса көңіл бөлінген. Жиында сөз алған ҚР қоғамдық даму министірі Дархан Кәлетаев үкіметтік емес ұйымдар үшін бірқатар жағымды жаңалықтарымен бөлісті.
Дархан Кәлетаев, ҚР қоғамдық даму министірі:
«Астанада азаматтық бастамалар орталығының құрылысы басталды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірқатар жобалар қолға алынып, Қазақстанның барлық облыстарын қамтып әлеуметтік жобалар картасын әзірлейміз».
Қазірдің өзінде Астананы – үкіметтік емес ұйымдардың ордасы деп атауға болады. Себебі, бас қаладағы кез-келген жобаның басы-қасында осындай ұйым мүшелері жүреді. Қоғамдық, әлеуметтік, саяси оқиғалардағы дәл осы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі күн санап артып келеді.
Бақыт Сұлтанов:
«Астана әкімдігі мен 30-дан астам үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп 464 миллион теңгенің 66 әлеуметтік маңызы бар жобасын жүзеге асырды. Сондықтан бүгінгі форумды ашық диалог алаңына айналдырып, қоғамды дамыту үшін ойлап табылған әр жобаны талқылап, осы саладағы мәселелерді бірлесіп қаузаймыз».
Шаһар басшысы атап кеткен әкімдікпен бірлесіп жұмыс жасайтын 30 үкіметтік емес ұйымның бірі «Дос»Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер ҚБ. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы бірнеше жоба ұсынған.
Қарлығаш Тыныбекова, «Дос»Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер ҚБ атқарушы директоры:
Арт терапия, бокалотерапия, саз-балшық терапиясы туралы».
Астанада бас-аяғы 2700-ден артық үкіметтік емес ұйымдар бар. Ал, оның білгілі бір бөлігі тіркеліп тұрғанымен жұмыс жасамайды. Ондайларға мораторий беріліп тізімнен алынып тасталатын болды. Өзгелері бүгін бірқатар мәселелері шешіліп қуанып қалды.
Баян Ахметжанова, «Форум НКО Астаны» президенті:
«Көп ұйымдар өздерінң қойған, көп жылдары шайқап жүрген сұрақтарына жауап алып жатыр. Оған өте қуаныштымыз. Ал, енді ойлаймыз осы қаланың ішіндегі өздерінң шешеиідеріне келмей, мүгедек, қарт кісі болсын. Елдегі проблемалары зор азаматтар осындай жиналыстардан кейін пайдасы тиеді. + Бүгінгі жиыннан кейін айтып отыр ғой ковркинг центр сияқты үкіметтік емес ұйымдарға офисный нелер беріледі помещениялар. Сосын өзіміз қатысып жүрген госзаказдар 1 жылдық емес 3 жылдық болады деп жатыр».
Жиын қорытындысында Астана әкімі жастарды шаһар төңірегіндегі мәселерді бірігіп шешуге ат салысуға шақырды. Бұдан бөлек форум аясында әлеуметтік идеялар мен жобалардың үздік авторлары марапатталды. Айта кетейін, осы жылдың 27-28 қарашасында Астанада Елбасының қатысуымен республикалық деңгейдегі азаматтық форум өтеді.