Бапкер Зидан және алғашқы Эль Класико
Ла Лиганың 31-ші туры көпшіліктің пікірінше әлемдегі № 1 матч саналатын Барселона мен Реал Мадрид командаларының кездесуімен есте қалды, бұл матчты біз бен сіз Эль Класико деп білеміз. «Бұл Класико басқа Класикодан өзгерек» деп мақалдатуға да өзіндік себебі бар, соның бір-екеуіне тоқтала кетсем:
- Бұл Класикоға апта қалған әлемдік аңыз ойыншы және кезінде Эль Класиконың дәмін де татқан голландиялық Йохан Кройфф дүниеден өтті. Камп Ноуда әдемі баннермен бұл аңыз адамды шығарып салды
- Тағы бір аңыз ойыншы, мадридтік клуб тізгінін ұстағанына көп бола қоймаған Зиданның да бұл алғашқы Класикосы болатын
- Осыған дейінгі ойында каталониялық клуб өздерінің басты қаруы МСН арқылы қатарынан 39 ойын ұтылмай келді және бұл матчта да сөзсіз фаворит қатарында болды
Сонымен, ойын сіз бен біз, немесе алдын ала күтілген сценарий бойынша өрбімегенін бәріміздің көз көрді. Осы матч қарсаңында Зидан өзінің бапкер ретіндегі беделін біраз көтеріп алды, себебі мұның алды французға сенгендерден сенбегендердің қарасы көп еді, әлгі эксперт саналатын глорлар шеттерінен «физрук» атағын беріп жатты. Ал Роналду болса өзін сынағандардың аузына біразға дейін құм құйды десем болады. Менің айтпағым, корольдік клубтың жанкүйері ретінде біз қалай жеңдік және не әсер етті, міне осы сұраққа өзімше жауап іздеп көрдім.
1. Реал бұл ойында қараша айындағы (0:4) үлкен қателікті қайталамауға тырысты.
Тики таканың негізін салған және допты бақылауды басты назарға алатын каталониялық клубқа қарсы бірінші нөмірмен ойнауға тырысу отпен ойнаумен тең дер едім, Реал бұл ойында сөзсіз екінші нөмірмен ойнады және ешқайда асықпады. Біздің қару контршабуыл екенін бәрі біледі және соған сену қажет болды. Алғашқы минуттардан тым қатты прессингке де берілмеді, мұның бәрі Зиданның тактикасы екені анық.
2. Таза опорник қызметін атқарған бразилиялық Каземиро
Сол қараша айында да жеңіліске ұшыраудың басты себебі таза номинальды опорниктің болмауы, Кроос пен Модричтің қосындысы да бұл қызметті атқара алмас еді. Сол галактикос заманынан белгілі Макелелені аздап көз алдымызға келтірген Каземироның еңбегі орасан зор, Барселонаның басты шабуылына дем беретін орталық зонасын ойдағыдай қарауылдай алды. Және мені таң қалдырғаны көбіне тәртіп бұзып, ескерту қағазына көп түсетін Каземиро бұл жолы аса сақ ойнай алды. Зидан енді білгенінен жаңылмаса бұл жігітті негізгі құрамға қосуға тиісті. Тек артылған үмітті ақтаса игі, тек Хедираның тағдырын қайталамас деп тілейік.
Бұдан басқа Кройфф үшін жеңуі керек болған Барселона алғашқы голдан соң аздап қарқынын жоғалтып алғаны да бар. Және жап жас Варанның Пепеден әлі де үйренер тұстар көп, бәрін оңай алдайтын Неймарды португалиялық уысында ұстай білді. Ал арбитр мәселесі қай Класико болмасын, екінші талқыланатын тақырып қатарында. Екі жаққа да ойнауға мүмкіндік бергені қуантады, және уақытында ысқырық жасап, сары-қызылды қағазды да аямады. Бәрі шулап жатқан Рамостың Мессиге жасаған фолы(??) туралы айтсам, сырт көзге фол болған анық, және ол пенальти емес айып алаңның сыртында еді. Ал кейбір бейнеқайталауларда Рамостың аяғы допқа тигенін көруге болады. Ал, арбитрдің Бейлдің таза голын неге санамай тастағанын түсіну қиындау болар, оны сіздерге қалдырдым.
Статистика былай дейді: бұл екі клуб арасындағы 192 матч, Реалдың пайдасында 82 жеңіс, 37 тең ойын. Барлығы 318 гол соғып, 300 гол жіберген, кешегі өткен матчта Реал Класико аясындағы Ноу Кампта 100 және 101-ші голын соқты. Бенземаның Реал тарихына мықтап енерлік аты бар, ал Криштиану жаңа бастаманың бастауына себепкер боп отыр. Сонымне бірге соңғы өткен он Класикода екі команда бір біріне гол соққан және 14 жыл бойы Класико 0-0 есебін таблодан көре алмай келеді.
Енді Реалдықтар осы қалыппен Чемпиондар Лигасынан бір жақсы нәтиже шығарады деп сенемін және Hala Madrid!