Шырайлы шығысымызды National Geographic пен BBC-ден көрсетін туынды бағымыз ба, сорымыз ба?

Әлеуметтік желілерден « Голливудтық жұлдыз ҚР-ның азаматтығын алмақшы» деген тақырыптағы жаңалықтарды көзіңіз шалған болар. Екі бірдей елдің азаматы Кэри Тагаваның қандай оймен қазақстандық болғысы келетіндігін жете түсінбедім.
Өскемен қаласына шетелдік бір топ танымал жұлдыздар, атап айтсам, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскас және Эрик Асенов ШҚО жайлы фильм түсірмек оймен келген болатын. Фильмнің нақты қандай жанрда түсірілетіндігі белгісіз. Ал Кэри Тагава туындыға продюсерлік ете отырып, Абай мен Шәкәрім туған өлкеге деген тамаша таңданысын жасырмады.
К. Тагаваның «жапондықтардың түбірі Қазақстанда жатыр, екі ұлттың генетикалық коды бір» деген сөзіне не қуанарымды, не қорқу керек екендігімді түсінбедім. Әрине, жат елдің жұлдызы еліміздің мерейін бір көтеріп тастағанына қуандым. Бірақ түбіміз түрік деп жүріп, бір-ақ сәтте жапондықтармен аталас бола жаздағанымыз көңіліме күдік ұялатты. Үндінің Лакшмиі жердің астына тыныштық бермей, қалың қытай жер бетіндегі жұртты зар қақсатып жүргендіктен бе, тіпті жаңа да жағымды жаңалыққа үркіп қарайтын болдық.
Бір қуантарлығы Ата Заңымыздың үшінші азаматтық бермейтіндігі. Кэри Тагава АҚШ мен Жапония елінің азаматы. Ал өзге елдің азаматы кәмелет жасқа толмаса, ата-бабалары қазақ жерін мекен етіп, белгілі бір себептермен көшіп кетсе және ҚР-ның құрметті азаматы, еңбек сіңірген қайраткері болса ғана мемлекетімізідің азаматы немесе азаматшасы атана алады. Тагава мырзаның 18 жасқа қайта айналып келмейтіні анық. Азаматтық алу үшін қазақстандық туыстарын тауып, шежіресін шегелеп алуы қажет немесе ең кем дегенде халқымыздың әртісі атануы тиіс. Бұлардың біріне де қолы жетпесе, өзге елдің азаматтығынан бас тартуы тиіс. Жапондық жарық жұлдыздың «ағамыз» болып шығу-шықпауы уақыт еншісінде. Ал шырайлы шығысымызды барша әлемге көрсететін болашақ туынды тек туристтерді тартса екен. Дархан даламызға өзгенің «көзін тигізіп», жер дауына ұласпаса игі еді…
Әрі қарай

National Geographic журналы қазақ тілінде

Блог - asaubota: National Geographic журналы қазақ тілінде

128 жылдық тарихы бар осы бір танымдық журналдың қазақша нұсқасының шығуы — үлкен жаңалық. Журналдың бас редакторы Сюзан Голдбергтің айтуынша бұл журнал шығатын 38-ші тіл екен. Қуанарлық жайт. Ақпан айында шыққан журналдың алғашқы саны қолыма тек кеше тиді.

Қолға ұстаған кезде ең алдымен сапалы қағазы ерекшеленеді. Иісі де байқалады, журнал иісі. Мұқабасы, ішкі дизайны да бөлек екені, нағыз бренд журнал екені білінеді. Айына 15 мың данамен шығатын журнал Литвадағы баспаханада басылады екен.

Негізгі тақырыптары: география, аңдар, құстар, экология, табиғат мәселелері. Журналдың басты ерекшелігі — ақпаратты жеткізу тәсілі болса керек. Мақалалардың орналастырылуы, безендірілуі ұнады. Инфографикалары керемет, анық, түсінікті. Натгео фотографтарының еңбектерін де атап өту керек. Бір тәулікте 2000-3000 кадр түсіріп, кейін солардан құрастырылған панорамалары өте тартымды. Репортаждардан Арал туралы кең репортажды ерекше бөлер едім: мәтін де, сурет те, инфографика да бар.

Жалпы, балалар үшін де, ересектер үшін де жақсы бір танымдық журнал. Келесі сандарын асыға күтетін боламын.

Журналдың сатылу орындарын сайттарынан қарай аласыз — nationalgeographic.kz/satylu-oryndary
Қазпошта арқылы жазылу индексі — 74886
Редакциядан тікелей жазылу үшін +7 7172 680078
Әрі қарай

Домбыра Party: Жағрапик Нешыныл

Мен қызға барғанда ай жарық болды демекші, Домбыра Party-ға National Geographic келгенде адам жиналмай қалып ұятты бола жаздадық. Бір-бірімізге жақын тұрып, көп болып көрінуге тырысып, әйтеуір бірдеңе қылдық. " — Ассалам уаалейкум. Уалейкум ассалам. — National Geographic. — Geographic National" — деген диалог естеріңізде ме (жоқ болса төмендегі видеоны қарап алыңыз)? Сондай бола жаздадық, қысқасы.



Енді Домбыра Party-дің өзіне көшейік. Бұл жолы тағы да жаңа өнерпаздарға қол соғу құрметіне ие болдық. «Шабыт» университетінің студенттері Қуаныш пен Нұрлыбек күйлерді төкті.











Осының алдындағы патидың көрігін қыздырған Азамат пен Нұрбол есімді жігіттер естеріңізде ме? Азамат гастрольдетіп кеткен екен Нұрбол жалғыз келді. Құр қол емес әрине.









Туған күн дегеннің әннің орындалуы тегін емес. Бұл пати (12.09.2014ж) осы сайттың қолданушыларының бірі Abylai деген жігіттің 23-ші туған күнімен дәл келген болатын. Сәтті пайдаланған достары құтты болсын айтып, патидың соңын вешір қылдық.

Блог - Marco: Домбыра Party: Жағрапик Нешыныл

Астананың ауа-райы мүмкіндік берсе Домбыра Party-ді әлі де жалғастырамыз. Дегенмен биыл open air форматынан кешірім сұрап, ғимараттардың ішіне көшсек деген ойым бар. Қысқасы, құлағыңыз түрік жүрсін. Хабарландырулар мына жерде жарияланады.
Әрі қарай