"kezdesu.com"-да "кездесу" қауіпті ме?
Басынан ескертемін! Бұл ешқандай да көре алмастық, ішітарлық не қызғаншақтық емес! Болған жайдың жаңғырығы ғана. Өздеріңізге мәлім, соңғы кезде «Mozilla Firefox»-ты жүктеп, компыңызға қондырар болсаңыз, оны жаңартқан кезде «Мcafee security scan plus» деп аталатын тулза бірге орнайтын болып жүр. Тегін дүниеден ешкім бас тартпаған болар:) Мен де бас шұлғып оның қызметімен келістім. Шындығында ол антивирус емес. Бар болғаны соның утилиттерінің бірі. Мақсаты — компыңызға қаншалықты қауіп төніп тұрғанын тексереді де ескертеді. Сондай бір әрекет кезінде маған екі сайтты (суретті қараңыз) қауіпті етіп көрсетті. Соның бірі атышулы — kezdesu.com боп шықты. Ал енді Аршат жауап бер:))) Сайтыңның кодына не салып қойдың?
ПыСы: Алайда өзім оған көп мән бере қоймадым. Өйткені, жақында көшіп бастаған timurdan.info атты сайтымды да жұмыстағы WebSense "Өте қауіпті сайттардың" санатына жатқызып үлгеріп, блок қойып тастады:) Әйтеуір экстремистік демегеніне шүкір:)
timurrr.co.cc