Гитлер хақында немесе кітаптың әсері...

Сонымен әнгіме барысында мынадай қызық оқиғаға тап болдық. Мен одан Гитлер туралы сұрадым. Біздің мұғалімдер үйреткендері бойынша Гитлер сұмпайы, жауыз, адам баласын қырып жіберген емес пе еді?! Ал әлгі Фрея ханымның ойы басқаша боп шықты.
«Гитлер неміс халқының мақтанышы! — демесі бар ма, — Ол нағыз ұлтын сүйген адам, және ұлт жолында күрескен! Мен үнсізбін. Гитлерді мақтаған адамды бірінші рет көріп тұрмын. Соңында мынадай ой түйдім. Гитекең біздер үшін Фашист болғанымен, Немістер үшін Патриот екен. Осылай дұрыс. Оған өз ұлтының не ойлағаны маңыздырақ болар деп ойлаймын (арине тірі болғанда).