Маған негізі бұл әннің идеясы ұнайды
Жақында Mc Madi, Loony Lao, BIG KAJY лақапатты жігіттердің "ҰНАЙСЫҢ (Маған сенің көтенің ұнайды)" деген клибін көрдім. Әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылып жатыр. Байқағаным көбінің қадалған жері КӨТЕН сөзі. Ал былай ол сөзге назар аудармай клиптің сөздерін тыңдап, сюжетін түсінуге тырыссаңыз қызық клип екенін байқар едіңіз.
Мүмкін арзандау клип шығар. Бірақ сценарийі ұнады. 3 жігіттің 3 сүйіктісімен қарым-қатынасын, өмірдегі фрагменттермен көрсетеді. Алтауының да мінез-құлықтарын көрсетуге тырысады. 4 минуттық клипке мұны сыйғызу үшін шеберлік керек деп ойлаймын. Жігіттер мұны істей алған. Бүгінге дейін қараған 66 мың адамға жақсы көңіл-күй сыйлады деп ойлаймын.
Сіздер де қарап көріңіз.