KFWASTANA сән апталығы басталды
Талғаммен таңдалған киім – адамның сымбатын арттырары хақ. Әсіресе, маусым сайын құбылатын сән индустриясымен үйлессе. Бүгін, бас қаланың көріктілері мен бөріктілері 2019 жылы трендте болатын киім үлгілері, түстермен таныс болады. Яғни, назарға ұсынылар 14 дизайнердің топтамалары арқылы. Бізде қалыс қалмайық.
Сәнге үйір жандар, жарық, подиум. Көптен күткен Қазақстан фэшн уик Астана сән апталығы басталды. Шымылдығын Динара Сәтжанның топтамасы ашты. Дизайнер сән сүйер қауымға 3 түрлі стильдегі образды ұсынды. Ұлттық нақыштағы, спорттық, торлы көз киімдер сән сүйер қауымның көңілінен шықты. Үлгілер көктем-жаз мезгілдерінде сәнде болады.
Сән мерекесін, Құрақ көрпе брэнді жалғады. Дизайнер, «дала рухы» топтамасын ұлттық үлгідегі туындылармен толықтырды. Ерлерге арналған шапан, оюлы дорба өткенге шегіндіргендей болды. Қыздарға шақталған оюлы үлгі нәзіктікті арттыра түседі.
Сән апталығы Қазақстанда 25 ші рет ұйымдастырылды. Елордада 8-ші рет сәнгерлердің басы қосылды. Сән сүйер қауым, жыл сайын елдегі дизайнрлердің саны артып, туындыларының үлгісі, сапасы жақсарғанын айтады. Мәселен, Казақстан фэшн уик Астана сән апталығының брэнд-амбассадоры, тележүргізуші Арай Әлімхан сәнгерлерге қолдау көрсетіп, отандық киімдерді киеді.
Апталықтың 2-ші күнінде 6 отандық, 3 шетелдік кутьюренің туындылары паш етілді. Қазақстан фэшн уик Астананы 7 дизайнер түйіндейді.