Жыл қорытындысы: Әлеуметтік желілер

Осыдан шамамен екі жарым жылдай уақыт бұрын кәсіби SMM-ге бет бұрғанымда, «бұның не?», «жұмыс па, тәйірі» дегендер болды. Сол дегендерге қосылып кетуге шақ қалатынмын. Сөйтсем, SMM-маманның міндеті бір басына жетіп артылады екен. Әрине, шахтаға түсіп, тас ою емес, алайда көзің алайып, контент-планмен қидаласып отыру да жеп жібереді. SMM-шінің жұмысы ВК-дағы пабликке мысық пен күшіктің суретін салып отырумен шектеледі демеңіз, анализ бен жобалаудан бастап психологияға, партизандық астыртын іс-әрекеттермен айналысуға дейін жүзіп жүре береміз. Мәселен, мына жерде біз пақырдың 100 басты (тек басты!) міндеті көрсетілген екен. Жә, мұны «Аноним SMM-шілер клубы» мүшесінің маңқа езгілеуі емес, жәй, сөздің сірағасы деп білерсіздер. Клуб демекші, қазақ SMM-шілерінің басын қосып, бір жертөледе жылап-сықтайтын жер табамыз ба?
Кіріспенің парызы орындалған екен, негізгі тақырыпқа көшсек. Сағат сайын сан түрленіп, күніне қырық өзгеріске ұшырайтын салалардың бірі — SMM. Әне-міне аяқталғалы тұрған 2015 жыл да соушл медиаға, оның ішінде әлеуметтік желілерге біраз жаңалықтар алып келді. Соларға шолу жасап жіберсек.













Кевин Систром және Майк Кригер есімді екі жігіттің жобасы, сурет жүктеуге арналған әлеуметтік желі. 2010 жылы 6 қазанда iPhone-ға арналған қосымша ретінде іске қосылған және Инстаграмға 1 ай ішінде миллион қолданушы тіркелген.
Интернеттегі 




5. Конкурстар ұйымдастыру Инстаграмда «share» батырмасы жоқ болғандықтан суретіңді не өзің жайлы ақпаратты басқаның парақшасына орналастырудың/бөлісудің тиімді әдісі — конкурстар ұйымдастыру. Әсіресе, Инста-дүкендер үшін қажет дүние. Мысалы, «Сая» суши барының (аккаунты — @saya_sushi_astana) иесі досым болғандықтан SMM қадамдарын жасап беруге көмектестім, қазір өздері жүргізеді. 2 айға жуық уақытта үш мыңдай фолловер жиналды. Аптасына 2-3 конкурс ұйымдастырып жүрдім. Инстада қызметін енді бастағандарға жиі конкурс ұйымдастырып тұру керек.


Барлық ақпарат 

