"Блог құрылтай - 2011" презентациялары жарияланды


  1. Жігіттер уәде беріп еді. Сертінде тұрып, сайтқа жариялап қойды. Блог құрылтайға қатыса алмай зар илеп жүргендер енді презентацияларды сол жерден қарап, кәдесіне жарата алады. Білмегендер біле жүрсін. Презентацияларды шолып шығып әрине бәрін түсіну қиын болуы да мүмкін. Десе де жоқтан жақсы ғой…
  2. Әрбір презентация жинақтаған тәжірибенің, ізденістің нәтижесі. Сондықтан ішіндегі мәліметтерді қолданғанда сілтеме жасап отыруды ұмытпассыздар.
  3. Блог құрылтай сайтына атсалысқан азаматтарға көптен көп алғысымды білдіргім келеді. Биылғы жылы сайт жұмысын кештеу қолға алғандықтан негізгі мәлімет тарату алаңы ретінде пайдаланылмады. Келесі жылы есте ұстар жайт болып отыр.
  4. Егер әлдебір себептермен сіздің презентацияңыз жарияланбаған болса немесе техникалық қателіктер байқасаңыз Қуанышқа хабарласуыңызды сұраймын.

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/03/29/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9-2011-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d0%b8/
Әрі қарай