Bilimal жүйесін күнделікті 120 мың қолданушы пайдаланады


Оқушы — Мұғалім — Ата-ана үшбұрышына арналған түрлі кешендік бағдарламалар бар. Елімізде үлкен қолданыстағы жүйелердің бірі — Bilimal. Заманауи білім және әлеует басқару құралы. "Өрлеу" инновациялық технологиялар орталығының бұл өнімі — 100% отандық өнім. Қарағанды облысында кеңінен пайдаланылатын бұл жүйе UNICEF-тің Out-Of-School Children Monitoring Framework есебінеде жоғары бағаланған.
Bilimal кешенін 3 түрлі ракурстан қарап көретін болсақ:
Ата-аналарға
- Балалардың барлық бағаларын өз смартфонынан қарай алады.
- Тоқсандық немесе жылдық қорытынды бағаларға кері әсерін тигізуі мүмкін күрделі тақырыптарды анықтап, білімінің деңгейін бақылай алады.
- Ұсыныстар мен электронды оқытудың онлайн курстарына негізделе отырып, балалардың сабаққа дайындалу барысына өздері қатыса алады.
Оқушыларға
- Оқуға түсуге арналған емтихандарға дайындық.
- Қиындық туғызатын тақырыптар мен пәнді игерудегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі.
- Болашақ мамандықты таңдауға көмек.
Мұғалімдерге
- Қашықтықтан оқытуды жүргізіп, оқушыларға үй тапсырмаларының тақырыптарын беріп, баға қоя алады.
- Жүйе Жалпылай Оқытумен бірге қажет есеп түрлерін өзі құрады.
- Порталда мұғалімдер кәсіптік қауымдастықтарға қатысып, әріптестерімен ой бөлісе алады.
Жүйеге қосылу үшін немесе толық ақпарат үшін:
bilimal.kz
www.facebook.com/bilimalkz
vk.com/bilimal