Жұлдызды аспанмен танысу

Ауылға барсаң, түндегі төбеңнен көмкерліліп тұратын жұлдызды аспанның бала қиялына әсері күшті. Алайда қазір далаға, нарға /тапчанға/ сол ауылдың адамдары да ұйықтамайтын болып кетті ғой. Айға бинокльмен қарау, метеорлар көргенде «жұлдыз ақты» деп мәз болысу, МКС /международная космическая станция/ қозғалысын тамашалау /ол кезде МКС екенін білмейміз ғой/, Жетіқарақшы мен Үркер, Темірқазықтың аңызын атаңнан тыңдау — қандай тамаша әрі тәтті кездер еді…
Осы жолы ауылда өткізген бес-алты күнімнің үш түнін жұлдыздар тобын аспаннан тауып үйренуге арнадым.
Ол үшін қажетті құралдар: жұлдыздар картасы /ғаламтордан тауып, қағаз бетіне шығарып аласыз/, жақсы бинокль, бірге жұлдыз іздесетін дос.
Ең әуелі аспаннан Жетіқарақшыны табамыз. Оны білмейтін, түнгі аспаннан таба алмайтын адам жоқ деп есептейміз. Жетіқарақшыны халықаралық астрономия қауымдастығы Үлкен Аю жұлдыздар шоғыры деп атайды. Жалпы әрбір жұлдыз шоғырының /созвездие/ атауының өзіндік аңызға сүйенген қызықты тарихы болады. Жетіқарақшыны жанындағы сәулелері әлсіз жұлдыздармен ойша сызықтар арқылы қосатын болсақ, типі аюға ұқсас фигура шығады деп есептеген екен баяғының гректері. Солай деп біз де енді қабылдап алдық.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Тереңдеп кетсек, бұл жұлдыз шоғырының әрбір жұлдызының атауы бар, олардың бәрі арабтар берген есімдер. Үлкен Аю арқылы Кіші Аю жұлдыз шоғырын тауып көрелік. Ол үшін Үлкен Аюдағы ең жарық Дубхе жұлдызын ойша жоғарыға қарай сызықпен жүргізсеңіз кәдуілгі Темірқазық жұлдызын табасыз. Полярная звезда деп аталатын, жұлдызды аспанда ешқашан орнын өзгертпейтін темір қазықтай жұлдызымыз осы.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Осы жұлдыздың жанындағы достарымен қоссақ, Үлкен Аюдың кішкентай копиясын көресіз. Бұл жұлдыз шоғырындағы ең жарық жұлдыз Кохаб көзіңізге бірден түседі. Жалпы әрбір жұлдыз шоғырының жекелеген жұлдыздары альфа, бета, омега деп грек әріптерімен аталады. Мысалы Кохаб Кіші Аюдың альфасы, ол Кохабтың осы жұлдыз шоғырындағы ең жарық жұлдыз екенін білдіреді, бетасы — Темірқазық, жарықтығы бойынша екінші орында және тағысын тағылар. Атаулары бар жұлдыздар санаулы ғана, көбісін астрономдар Егіздердің тетасы, Андромеданың сигмасы және т.б. деп атайды. Көбіне белгілі бір өзгеше ерекшеліктері бар және ең жарық жұлдыздардың ғана атаулары болады: Сол манағы Темірқазық, Сириус, Вега, Денеб, Поллукс сияқты.
Әрине бұл тек түнгі аспанның беткі пердесімен танысу ғана. Жұлдықдар шоғырларында сонымен қатар, тұмандықтар, галактикалар, ауыспалы немесе қос жұлдыздар, плеядалар орналасқан. Көбісін тек телескоп арқылы ғана көруге болады.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Кіші Аюды тапқасын, екеуінің ортасынан бұралаңдаған Айдаһар жұлдыз шоғырын табу оңайға соғады.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Әсіресе, бұл жерде Сізге Айдаһардың басы болып табылатын төртбұрыштағы жұлдыздардың жарықтығы көмектеседі. Сондағы көзіңізге бірден түсетін ең жарық жұлдыздан солға қарай ойша сызық жүргізсеңіз, жарқыраған Вега атты әдемі жұлдызды көресіз.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Біздің Күнімізден де үлкен Вега талай ғылыми-фантастикалық шығармалардың арқауы болған екен.

Мінекей достар, біз тек қана үш жұлдыз шоғыры мен үш жарық жұлдызды аспаннан табуды үйрендік. Ал біздің көк күмбезімізде дәл осындай 88 жұлдыздар шоғыры бар, олардың әрқайсысының өз қызықтары бар. Ал кейбір жұлдыздардың біздің Күнімізді айналған сегізі сияқты, планеталары, яки экзопланеталары бар екенін, оларды ашу жолдары, жыл сайын қайталанатын метеорлар жаңбыры мен кометалар және т.б. ескерсек, бұл материалы көз алдымызда жатқанымен, зерттелетіні мен қарайтыны көп ғылым екенін ұғамыз.
Әрине, мұның бәрін түнде жағылып тұратын көше шамдары жоқ, алыс ауылда демалып жатқаныңызда бастағаныңз жөн. Уақытыңыз бен кішкентай телескопыңыз болса, астрономия ғылымын қалай дос етіп алғаныңызды да білмей қаларсыз.

П.С. Осыған ұқсас ақпарат пен нұсқаулықтар ғаламторда толып тұр. Пост тек қызығушылығыңызды ояту мақсатында жазылды.
Әрі қарай