427-нің иесі

Төрт жүз жиырма жетісі несі деп отырған шығарсыздар. Бұл менің ешқандайда түрмелік не құпия нөмірім есес. Алматыда өткен тұңғыш қазақ блогшыларының құрылтайындағы жатқан қонақ үйімнің бөлмесі. Сіздің нөміріңіз 427 дегенде қатты қуанып кеттім. Себебі… Себебін мына жерден оқып алыңыздар. Біздің эрамызға дейінгі 427 ші жылы Платонның туғаны тағы бар дегендей. Алдыңғы жазбаларымда біраз қызықтарды жазып едім. Бөлмемде болған бөтелкелестер мен баклажкаластар да біраз қызықты жазбаларды жазған болатын. Бұл жолы мен сіздерге тың дүниені ұсынбақпын. Блогқұрылтайдың екінші күні таңғы төменге қарай түсіп Аршаттарды тоса тұрмақ ниетпен лифтіге міндім. Жолай 3-ші қабаттан бір қазақ тәте мінді. Амандастым. Танымайтын адаммен де амандаса салам кейде. Лифтідегінің жаны бір дегендей.
-Тәте, жол қысқарсын әңгіме айтыңыз-дегенім сол еді әлгі тәтемнің көзі шығып кете жаздады. Сірә, мені жындыға санады-ау деймін бірінші қабатқа түскен соң да мен жаққа оқтын-оқтын қарап тұрғанын байқап қалдым))))
Әрі қарай