Айхай, 25!

Айхай, 25! Екінші мүшел жас! Сенерімді білмей отырмын. Өткен туған күндерге қараймын. Ия, осыдан бір жыл бұрын. Ол кезде ол жан бар еді. Бақытты екенмін сол күні. Қайдан білейін келесі туған күнге дейін кім бар, кім жоқ екенін. Мешітте имамдар жұмадан жұмаға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін деп дұға етеді, туған күні достар туған күннен туған күнге аман-есен жетуімізді тілеп, сөз сөйлейді. Шалдың баласымын деп ес білгелі айтам.

Артынан қалған ұрпағының тілегін тілеп, дұғасын жасап, батасын беріп, тақымын қысып отыратын Ол жанның ең сүйікті немересінің екінші мүшел жасын көруге бұйырмаған екен. Кешегі қырықтық асын өткізіп келіп едік. Енді, шын мәнінде ол жанның мәңгілік алыстағанын сезіндім. Жалғанда, оның маңдайымнан бір иіскегенін артық ләззат бар ма екен?
Ай, жетпейді-ау оған ешнәрсе. Жалғыздық күйін кешудемін. Айналаға қарасам, бәрі күшті, бәрі керемет сияқты. Ішкі дүние "әлемтапырақ". Неліктен. Шаршаған шығармын. Мүмкін, жалықтым. «Арыштан, Арыштаным деп» еркелетін Атамның бір мәрте (ол кезде баламын) таңғы ұйқыны қимай жатқанымда «Дарын тұр, достарың шақырып жатыр»деп" ұйқыдан тұрғызғанда «Неге Дарын деп айтасыз» деп өкпелегенім бар еді. Сөйткен Атам, кешеге шейін «Арыштан» деп, гвардейский балам деп өтті. Ата-ана үмітін ақтау әрбір перзенттің қасиетті борышы.
Қашанда, қайда жүрсем де Атамның берген тәрбиесін, өнегесін ойымнан шығармадым, өміріме принцип қылып ұстадым және ұстаймын да. Қанша уақыт, өзімді алдағанмен, уақытымды бөліскенмен, Ол жетіспейді. Сағындым, балалықты сағындым…
Айтпақшы, туған күн қарсаңында бірінші еңбек демалысыма шығайын деп отырмын. Барлығын, осы күнмен ұмытқым келеді. ФБ-сыз 30 күн деп атағым келеді, алдағы күнді.
Әрі қарай