23 ақпан, бұл қандай күн?

Былтыр 23 ақпанда сол кездегі Мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров әріптестерін мерекемен құттықтап, оған Бекболат Тілеухан ренжіп, біздер, яғни журналистер біраз «тауар» тауып алып мәз болғанбыз. Биыл әйтеу Мәжілісте ешкім ресми түрде 23 ақпанмен құттықтаған жоқ. Жалпы отырыс кеше өткен. Әрине, кәбинеттерінде бір-бірін құттықтап жатқандар бар шығар. Алайда, ресми түрде ешкім ештеңе деген жоқ. Дегенмен, ғаламторда 23 ақпанды «мереке» деп, бір-бірін құттықтап жатқандар бар. Ал, мен болсам «мереке емес!» деп безеріп отырмын. Сонымен бұл қандай күн?
Өз басым 23 ақпанды «2012 жылдың ақпан айының төртінші бейсенбісі» деп қана бағалаймын. "Қазақты қан қақсатқан әскердің құрылған күні қазақ үшін мереке емес!" деп қасарысып отырмын. Келісетіндер мен келіспейтіндер екі жаққа сапқа тұрсын.
Фотоны knews.kz сайтынан ұрладым
Әрі қарай