Қазақстан футболдан əлем чемпионы!

Блог - Pokemon: Қазақстан футболдан əлем чемпионы!Жеңіс құтты болсын ағайын! Қазақстан футболдан əлем чемпионы атанды. Бұл жолы жеңісті құрамадағы футболшылар емес, елге өз өнерін паш етіп жүрген əртістеріміз əперді.
Жарыс Ресейде ұйымдастырылып, отандастарымыз финалда Ұлыбританияны 2:1 есебімен тізе бүкітірді. Олар өздерін көрсете білді. Əлем чемпиондығына талас оңай нəрсе емес. Сондықтан өнер майталмандарын құрметтеп, оларға қолдау көрсете білейік. Жастарға салауатты өмір салтын насихатауда да бұл жарыстың септігі тиері анық.
Сіздерді жеңістеріңізбен тағы да құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыра берейік, əртістеріміздің алтын аяқтары талмасын!
Әрі қарай

Админ Қарағандыда немесе "Шахтер" мен "Ақтөбе"

«Шахтер» мен «Ақтөбе» футбол командаларының арасындағы ойынды көру үшін Аршат біздің қалаға машина капотын тіреді. Алдын ала хабарласқанымызда «Ерлан Оспан да келеді» деген мәліметтер болғантын. Бірақ, аяқ асты мемлекеттік маңызы бар шаруалары шығып қалғандықтан ол кісі келе алмай қалыпты. Сонымен, админімізбен стадионда кездестік.Ойын өте қызықты өтті. Басынан аяғына дейін екі қақпашының артына вибрация ойнататындай моменттер жеткілікті болды.
Әрі қарай