Жігіттер мен қыздар, 1 минут үнсіздік жариялайық. Шекарадағы болған жағдай.

ШҰҒЫЛ: ҰҚК АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 13 АДАМНЫҢ ҚАЗА БОЛУ ОҚИҒАСЫН РАСТАДЫ 31.05.2012 13:08
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылық қызметі Алматы облысында 13 адамның қаза болу оқиғасын растады. Қаза болғандардың қатарында 12 шекарашы мен бір қорықшы бар, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік коммитетінде 2012 жылы 30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасы Үшарал шекара отряды «Сары бөктер» заставасының наряды тауда жазғы уақытта 15 шекарашы қызмет атқаратын «Арқанкерген» шекара постының жанып кеткен ғимаратын көрген. Оқиға болған жерде шекара қызметінің директоры генерал мойор Н. Мырзалиевтің басқаруымен ҚР ІІМ және бас әскери прокуратурасы мамандары мен өкілдерінің қатысуымен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып кеткен 13 адамның, посттың жанында орналасқан аңшылық шаруашылығы қорықшысының денелері табылды. ҰҚК және ІІО, шекара қызметінің күшімен жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», — деді арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Тұрғанбек Сматбеков.
Ол сондай-ақ аталған оқиға бойынша жаңа мәліметтер келіп түскен жағдайда, тілшілерге хабарланатындығын жеткізді.

Саясатқа қатысы жоқ тақырып, 1 минут үнсіздік жариялайық.

дереккөз
Әрі қарай