Бізге 1 жыл болды!
КерекИнфоның қазіргі нұсқасына 1 жыл болды. 18 желтоқсанда алғашқы пост жазылған екен. 1 аптадай уақыт өтіп кетсе де, бүгін осы айтулы күнмен сіздерді құттықтайын дедім. Сайттың осындай деңгейге жетуі әрине қолданушылардың арқасы. Күніне 2000-дай адам кіріп, сайт беттері 10 мың рет оқылады екен. Дәл бүгінгі көрсеткішпен есептесек 6631 пост жазылған екен 1 жыл ішінде, ал пікір саны 150 мыңнан асқан. Бүгінге дейін КерекИнфоға 1170 аккаунт тіркелген.
Құттықтаймын! Сайтымыздың өмір жасы ұзақ болсын, қызық жазбалар мен пікірлер көп болсын!

